- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың жаңа халықаралық терминалы (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астананың жаңа халықаралық терминалы (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Жалпы ауданы 47 мың шаршы метрді құрайтын жаңа терминал халықаралық жолаушылар және VIP терминалдарды, әуе кемелерінің 6 жаңа тұрағын және 4 автобус тұрағын қамтиды. Мұнда заманауи қауіпсіздік жүйесі орнатылған.

42 паспорттық бақылау кабиналары және сағатына 1200 багаждың өтуін қамтамасыз ететін ЕУРО 2020 стандарт багаж жүйесі көзделген.


Қазіргі уақытта Астана әуежайы 24 халықаралық және 17 ішкі бағыт бойынша ұшуды жүзеге асыратын 18 авиакомпанияға қызмет көрсетеді. 2017 жылғы маусымнан бастап рейстер мен бағыттар саны 45-ке дейін көбеймек. Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар өсіп келеді, 2020 жылы олардың 1,5 есе өсуі күтілуде.

Әуежайдың бас директоры Рәділбек Әдимолда бірінші маусымнан бастап терминал тестілік режимде жұмыс істей бастайтынын хабарлады. Ал бір аптадан кейін пайдалануға енгізіледі.
«Жаңа терминалдың жобалық қуаттылығы жылына – 5 млн адамды, қауырт сағаттарда 1775 жолаушыны құрайтын болады. Қазіргі терминалдың өткізу қабілеттілігі жылына 3 млн жолаушыны құрайды. Осылайша, Астана әуежайы жылына 8 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті болады. Қауіпсіздік мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді», - деді Р. Әдимолда.
Жаңа терминал ең жаңа озық технологиялармен жабдықталған, бұл сервисті жақсартуға және авиациялық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Терминал халықаралық және ішкі рейстердің 12 әуе кемесіне бір мезгілде қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп, қауырт сағаттарда барынша икемділікті қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, тұрақ ауданы 2 еседен астам ұлғайтылып, 350 автокөліктің орнына 1000 автокөлікке дейін сыйғызатынын атап өту керек. Осыған орай, Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, тұрақ кеңейтіліп, оған кіру және шығу жолдары жақсартылады, қоғамдық көлік үшін қосымша өту желілері қосылады, сондай-ақ такси тұрағы үшін арнайы аймақ көзделеді.

Жаңа терминалдың арқасында маусымнан бастап Еуропаға жаңа тікелей әуе желілері іске қосылмақ – бұл Польша, Венгрия, Финляндия сияқты елдер.
Астана-Хельсинки тікелей рейсі ЭКСПО-2017 көрмесі уақытында ғана болмайды, бұл халықаралық терминал бағытты қалдыруды жоспарлап отыр.
Бұл ауқымды бағдарлама – Астана халықаралық терминалы 2014 жылы басталған болатын. Бүгінде, өздеріңіз көріп отырғандай, бұл толық аяқталған терминал болмақ.
Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық терминалында болды. Елбасы терминалдың мүмкіндіктерімен, сондай-ақ сервис сапасын арттыру бойынша жаңа жүйелермен танысты.
Ақбота Күзекбай
Фото Абзал Қалиев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр