- Басты
- Жаңалықтар
- 1 маусымда жаңа вокзалалғашқы жолаушыларын қабылдайды
1 маусымда жаңа вокзалалғашқы жолаушыларын қабылдайды

Ж. Көрпебаев хабарлағандай, жаңа вокзал 27 пойыздар жұбын қабылдайтын болады, бұл дегеніңіз 54 пойыз. Жалпы, бір тәулікте шамамен 20 мыңнан астам жолаушылар айналымы болады деп күтілуде.
«Жаңа «Нұрлы жол» вокзалы бірінші кезекте соңғы станциясы Астана болатын пойыздарды қабылдайды. Осы ретте, ескі вокзал өз жұмысын жалғастыра береді. Алайда ол транзиттік пойыздарға басымдық береді», - деді сарапшы.
Ол атап өткендей, аталмыш вокзал жолаушылар хабы іспетті болады.
«Келер жылы соңғы аялдамасы бар LRT желісі тартылады, ол қала орталығын ЭКСПО-ның шығыс аймағын, Назарбаев Университетін және ауежайды қосады. Бұл мәселе әкімдікпен мақұлдануда. Аталмыш вокзалда қалалар арасында жүретін автобустарға да орын берілген. Олардың жеке кассалары болады. Сонымен қатар, қалалық қоғамдық көліктің жүру бағыты да қалалық әкімдікпен мақұлданды. Сәйкесінше, осы игіліктердің барлығы іске қосылғанда ол жолаушылар хабына айналады», - деді Ж.Көрпебаев.
Ж.Көрпебаев түсіндіргендей, жолаушыларды отырғызу немесе түсіру үшінші қабатта перронда жүргізіледі. Төртінші қабатта билеттер кассалары, анықтама бюросы, сауда дүңгіршектері орналасады. Ал, бесінші қабатта күту залымен қатар қоғамдық тамақтану орындары болады. Алтыншы қабат қызметтік техникалық бөлмелер мен вокзал әкімшілігіне арналған.
«Вокзалдың перрондары барлық вагон түрлерін қабылдауға дайын, сонымен қатар Тұлпар-Тальголар үшінде жеке перрондар бар. Жалпы ол заманауи технологиямен жабдықталған» - деп бөлісті спикер.
Сонымен қатар, ол баса айтып кеткендей, жаңа вокзал барлық заманауи талаптар мен нормаларға жауап береді.
«Вокзалдың қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлінген. Мұнда шамамен 510 бейне бақылау камералары орнатылған. Сондай-ақ қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері де ұдайы вокзалды аралап, жолаушылар қауіпсіздігін қырағы қорғайтын болады», - деп хабарлады Ж.Көрпебаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Астанадағы жаңа теміржол кешенін ашты.
Қайрат Жандыбаев
Фото автордан
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
-
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр
-
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар
-
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды

