- Басты
- Жаңалықтар
- «Бір уыс бидай» көрерменге жол тартты (ФОТО)
«Бір уыс бидай» көрерменге жол тартты (ФОТО)
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қаза тапқан бес миллиондай қазақтың рухына арналған «Бір уыс бидай» қысқаметражды көркем фильмі М.Мағауиннің осы аттас әңгімесінің желісі бойынша түсірілді.

Сценариін жазып, түсіруге әзірлеген белгілі журналист Серік Әбікенұлы. Режиссерлері Серік Әбікенұлы, Данияр Мұстафаев, қоюшы-операторы Айдос Қалиев. Фильмге Алматы облыстық Б.Римова атындағы драма театрдың және Ғ. Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының актерлары қатысты.

«Бір уыс бидай» – бір отбасының трагедиясы арқылы тұтас ұлттың қасіретін көрсетуді мақсат етеді. 1932-1933 ашаршылық жылдарындағы бір шаңырақтың қайғысы, қасіреті. Баласы нәпақа іздеп кеткен Доскен деген шал келіні, немересімен аштан өлмеудің амалын істеп жатады. Бірақ кезінде жалшы болған Әли Қайрақбаев деген шолақ белсенді «бидай жасырдыңдар» деп маза бермей, ақыры Доскен шалды атып өлтіреді. Онымен қоймай масақ теріп жүрген келінінің уысындағы бидайын тартып алмақшы боп оны да өлтіреді. Үйдегі немере аштан қатады. Фильмде, осылайша бір отбасының қасіретімен сол жылдардағы күллі қазақтың басынан өткен жағдай суреттеледі.



«Арнайы қаржы бөлінбей, демеушілерсіз, «Жетісу» телеарнасы қызметкерлерінің және осы идеяға жұмыслған ерікті актерлердің көмегімен жарық көрді. Өткенімізді ұмытпау үшін, ұлтымызды ұлықтау үшін осындай дүние жасадық. Осы фильмге атсалысқан қыз-жігіттердің, үлкен актерлардың бәріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ» - дейді сценарий авторы Серік Әбікенұлы.
Картина Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Қайнар ауылының маңында түсірілген. Бұл «Жетісу» арнасы жарыққа шығарған екінші фильм, 2015 жылы «Құдайы қонақ» комедиялық картинасы түсірілген болатын.
Дәулетхан Жиенқұлов
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер