- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы Қызылорда облысындағы «Азалы тарихқа тағзым» митингіне қатысты
Мемлекеттік хатшы Қызылорда облысындағы «Азалы тарихқа тағзым» митингіне қатысты
Митингке қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, қайта жөнделген монументке гүл шоқтарын қойды.
Мемлекеттік хатшы 3 миллионнан астам адам саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбаны болғанын айтты.
«Г.Әбдіқалықова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды» деген сөздер айтылғанына тоқталды», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік хатшы одан соң «Ұлттық сана: тарихи тәжірибе және рухани жаңғыру» атты тақырыппен өткен халықаралық конференцияға қатысты. Сондай-ақ, конференцияға облыс әкімі Қ.Көшербаев, Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Д.Мыңбай, Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, өңірлік ассамблеялар хатшылықтарының меңгерушілері, шетелдік және отандық сарапшылар, ғылыми және зиялы қауым өкілдері, саяси қуғын-сүргін құрбандарының және жер аударылғандардың ұрпақтары қатысты.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде тарихи сананың көкжиегін кеңейтуге, сол кезеңнің оқиғалары мен деректерінің өзара байланыстылығы мен сабақтастығын көруге мүмкіндік беретін, тәжірибелік мақсатты көздеген конференцияның қоғамдық-саяси маңызы жоғары екенін атап өтті.
Конференцияда қазіргі заманғы Қазақстан мемлекеттілігі тұрғысынан «Алаш» құндылықтарына, қуғын-сүргін, ашаршылық және жер аудару кезеңіне тарихи талдау жасау тәжірибесі және басқа да мәселелер қаралды.
Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан тарихының ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қасіретті кезеңін талқылау қоғамдық сананы жаңғырту үдерісіне қосылатын елеулі үлес екенін айтты.
Конференция қорытындысы бойынша форумға қатысушылар Қазақстан халқына арналған үндеу қабылдады.
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы «Атамекен» балалар ауылын аралап, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында болды.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар