- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойды (ФОТО)
Н.Назарбаев саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойды (ФОТО)

«31 мамырда біз саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске аламыз. Репрессия барлық КСРО аумағында өтті. «Қазақстан жайлы айтар болсақ, мұнда 103 мың адам ұсталып, 25 мыңы атылған. Қазақ интелегенциясының қаймақтары, республиканың басшылығы түгелдей атылды. Олар азап пен бейнеттен қаза тапты. Қазақстан жерінде салынған 11 концентрациялық лагерьде миллионнан аса адам жаза өтеді. Кеңес одағының түрлі өңірінен репрессияға ұшырады – Солтүстік Кавказдан, Кореядан, Балтық теңізі жағалауы елдерінен, Украинадан, Ресейден Қазақстанға жер айдалды. Осылайша, біз көпұлтты мемлекет болдық, жер айдалғандардың барлығына да Қазақстан туған үйі болды, біз оларды құшақ жая қарсы алдық. Содан бері өзара түсіністікте бірлігі бар халық ретінде өмір сүріп келеміз», - деді Президент.
Президенті халқымыз осы қайғылы оқиғаларды есте сақтауға тиіс екендігін айтты.
«Халқымыз осы қайғылы оқиғаларды есте сақтауға тиіс. Мұндай қасірет қайталанбас үшін оны болашақ ұрпақ білуі керек. Саяси қайраткерлермен бірге олардың әйелдері мен балаларын да репрессиялады. АЛЖИР-де қолдарында кішкентай сәбилері бар әйелдер отырды. Кейбір балалар осында дүние есігін ашты. Осындай қатыгездік болды. Аталмыш музей аз да болса, соның бір бөлшегін көрсетеді. Біз мүлдем өзге мемлекет құрдық. Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары сақталатын құқықтық мемлекет жасадық. Сондықтан Қазақстанда бірде-бір саяси тұтқын жоқ. Сондықтан осыны бағалауымыз керек. Бірде-бір революция адамға, мемлекетке жақсылық әкелмеген. Сондықтан бізге эволюциялық даму қажет. Сол кезде ғана алға жылжимыз. Тариxтың сабағын ұмытпауымыз керек», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы шара барысында қуғын-сүргін құрбандарының туыстарымен әңгімелесті, репрессия жылдары қайталанбас тұлғалардың көздері жойылған болатын.

Айта кетейік, биыл саяси репрессия жылдарына 80 жыл толып отыр. Тура 10 жыл бұрын Мемлекет басшысы 31 мамырда «Алжир» музейін ашқан болатын.



Айта кетейік, 29 мамырда «Алжир» музейінде «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» Халықаралық конференциясы респрессияға ұшырағандардың 80 жылдығына орай өткізілген болатын. Репрессияға ұшырағандардың ұрпақтары ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр -
Пандемияға 1 жыл: Той-томалақ өткізу көбейе берсе, коронавируспен күресіміз жалғаса береді - пульмонолог -
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі -
Лaтын алфавитіне көшу: саяси және мәдени аспектілер -
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды