Президент жаңа халықаралық әуежайдың терминалын ашты (ФОТО)

31 Мамыр, 2017 12:19
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық әуежайының терминалына барды.

Президентке терминалдың мүмкіндігі  мен  жолаушылар ағынының көбеюі  кезінде   қолданылатын  шаралар туралы баяндалды.

Жаңа терминалдың алаңы  47 мың шаршы метрді  құрайды, ол  халықаралық  жолаушылар мен VIP терминал, әуе кемесінің  6 жаңа тұрағы  мен  4 шығарып салу автобусын қамтиды.  Заманауи қауіпсіздік жүйесі орнатылған.

Онда  компьютер мен Wi-Fi бар арнайы  кеңселер, дәретхана мен сауна, душ, кресло мен сиденьялар орналасқан алты аймақ бар, ал үстіңгі қабаты  мейрамханаға берілген.

Жаңа терминалдың ашылуы  әуежайдың өткізу қуаттылығын  жылына   3,6 – дан  8,2 млн  адамға  арттырады, бұл 1300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Жаңа әуежайдың құрылысына  80 млрд теңге жұмсалды.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар