- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа рейстер Астананың дамуы үшін қызмет ететін болады – Т.Ластаев
Жаңа рейстер Астананың дамуы үшін қызмет ететін болады – Т.Ластаев
Астана мен Варшава арасындағы тұрақты тікелей әуе байланысы алғаш рет ашылып отыр. Рейстерді аптасына 4 рет Boeing-737 әуе лайнері орындайтын болады.
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Талғат Ластаев өз сөзінде жаңа халықаралық әуе рейстерін ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті осы елдердің авиациялық билігімен және өзіміздің әуе компаниялармен ауқымды бірлескен жұмыстар жүргізгенін атап өтті.
«Бұдан бөлек жақын күндері Астана-Киев, Астана-Ереван, жақын айларда Астана-Хельсенки, Астана – Будапешт және Астана-Дели жаңа әуе рейстері ашылатын болады. Осы рейстердің барлығы Астананы Еуразияның орталығындағы транзиттік хаб ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Біз жаңа терминалдың ашылуы мен әуежайдың қуаттылығын арттыру арқылы қазіргі жүктелген қарқынды одан әрі үдете түсетін боламыз»,-деп атап өтті Талғат Ластаев.
Польшалық «LOT» әуе компаниясының төрағасы Рафал Мильчарскидің айтуынша, әуе компанияда бүгінге дейін Польшаны Орталық Азиямен байланыстыратын тікелей әуе рейсі болмаған.
«Қазақстан бүгінгі таңда аймақтың ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалық орталығы. Бұл ел Орталық Азиядағы стратегиялық серіктесіміз болғандықтан Қазақстан Республикасына жасалатын экспорт Польшаның сыртқы тауар айналымында маңызды рөл атқарады. Польша-Қазақстан тауар айналымы 2016 жылы 759,4 млн. долларды құрап, жоғары деңгейде сақталып отыр. Варшава – Астана арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылуына байланысты бұл көрсеткіш арта түсетініне сенімім мол»,- деді Р.Мильчарски.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады