1 маусымнан бастап ТЖ вокзалдарында багаж тексеру жүргізіледі

31 Мамыр, 2017 11:14
Жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында еліміздің барлық ТЖ вокзалдарында 2017 жылғы ақпаннан бастап қол жүгі мен багаждарды тексеру кезең-кезеңмен енгізілуде, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ.

2017 жылғы 1 маусымнан еліміздегі 14 теміржол вокзалында жолаушылар мен қол жүктерін тексеріп өткізу басталады.

Хабарламаға сәйкес, тексеріп өткізу қондырғылары Астана «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінде, Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Атырау, Бейнеу, Маңғышлақ, Шымкент, Қызылорда, Семей, Тараз, Шу, Қостанай вокзалдарына орнатылады.

Астана теміржол вокзалында тексеріп өткізу қондырғысы 2017 жылғы 1 сәуірден бастап іске қосылғанын айта кету керек.

Жалпы, Алматы мен Астана вокзалдарында тексеріп өткізу жүйесі тыйым салынған заттар мен құралдарды алып жүрудің 90-ға жуық оқиғасының алдын алуға мүмкіндік берді.

Барлық жаңалықтар