- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға 6,8 млрд теңге бөлінді
ОҚО-да ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға 6,8 млрд теңге бөлінді
«Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі, Әлеуметтік даму министрлігі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы «Үш жақты» индикативті көрсеткіштер жөнінде бекітілген іс-шаралар шеңберінде ағымдағы жылға тағы да 75 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бұл мақсатқа 6,8 млрд теңге қаражат бөлініп отыр», - деді Ж. Түймебаев.
Өңір басшысының айтуынша, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша 3,2 млрд теңге бөлінген.
Қазіргі таңда кооперативтер жанындағы 2 сүт қабылдау, 2 мал сою пункттері 285 млн теңге қаржыландырылған. Одан бөлек, 9 мал сою пункті мен 12 сүт жинау пунктін құруға 757 млн теңгеге құжаттар өткізіліп, комиссия қарауына өткізілген.
Айта кетейік, кооперативтер мақсаттарына сәйкес ірі шаруашылық құрылымдары ретінде бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат көзін дайындау бағыттарында жұмыс жасайды. Биыл өңірде осы жұмыстардың есебінен ет және сүт өнімдердерін қайта өңдеу кәсіпорындарының орташа жүктелімін 60%-дан 70%-ға көтеру белгіленген. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларын пайдаланып, жеңілдетілген несие беру және субсидиялау жолдары арқылы 2017 жылы барлық бекітілген жоспарлар жыл аяғына дейін толық орындалады.
Мал шаруашылығын дамытуға арналған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламалары бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі