- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында туристік портал іске қосылмақ
Ақтөбе облысында туристік портал іске қосылмақ
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында облыстың негізгі көрікті жерлері, тарих және мәдениет объектілері сипатталған туристік карталар, кітапшалар мен жол нұсқарлары әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда өңірдің 50 тарихи-мәдени мұра объектісінен тұратын тізім құрастырылды. Балаларды ұлттық мәдениет пен оның құндылықтарына тарту мақсатында, оқушылар үшін облыс аудандарының, сондай-ақ Алматы қаласының, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының көрікті жерлері бойынша туристік экскурсиялар ұйымдастырылады», - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Бұдан бөлек, жергілікті және халықаралық ауқымдағы алаңдарда облыстың туристік әлеуетін ақпараттық насихаттау және ілгерілету көзделген. Осы мақсатта Ақтөбе облысының ресми туристік порталы, негізгі тарихи-мәдени мұра объектілері туралы бейнероликтер жасалатын болады.
Сонымен бірге, «Туған жер» бағдарламасын тиімді іске асыру үшін жұмыс тобы және сарапшылар кеңесі құрылады, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша медиажоспар әзірленеді.
Бұдан бөлек, Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университет базасында жобалық кеңсе ашылды. Облыс тумаларын біріктіруі тиіс www.zherlester.akt.kz сайты ашылды. «Туған жерге тағзым» патриоттық акциясы аясында жалпы құны 1 млрд 659 млн теңгені құрайтын жобалар іске асырылуда.
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыруға өңірдің ғалымдар бірлестігі де белсенді түрде тартылуда. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университет базасында жобалық кеңседен басқа, «Қазына» кешенді зерттеу орталығы құрылды, өзекті ғылыми жобалар әзірленуде.
Сондай-ақ, отырыс барысында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақ мәдениеті», «Әлемнің 100 үздік оқулығы», «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобаларын және Елбасы ұсынған бағдарламаның басқа да бағыттарын іске асыру туралы ақпарат айтылды.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды