- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті РФ Президентімен кездесті
ҚР Президенті РФ Президентімен кездесті
«Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы экономикалық өзара ықпалдастық аспектілері қаралды», - делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев өтіп бара жатқан жыл екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін табысты болғанын атап өтті.
« Біз XXI ғасырдағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдық, бірқатар басқа да келісімдерге қол жеткіздік. Сонымен бірге, жоспарланған екіжақты құжаттарға, атап айтқанда, Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа, Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану жөніндегі жол картасына, сондай-ақ Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өткім келеді», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстан тарапы қолдап отырған Еуразиялық экономикалық одақ құру үдерісінің маңыздылығына тоқталды.
Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде өтетін қысқы Олимпиадалық ойындарға табыс тіледі.
Өз кезегінде В.Путин Қазақстан Президенті сапарының маңыздылығын және жүргізілген келіссөздердің жемісті болғанын атап өтті.
«Тараптарымыз белсенді жұмыс істеді, бірқатар құжаттар дайындады. Соңғы кездесуімізден бергі уақытта едәуір түйткілді салалардағы, соның ішінде энергетика саласындағы, сондай-ақ «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі екіжақты ынтымақтастығымызды тереңдетуге және оның аясын ұлғайтуға байланысты нақты мәселелер бойынша көп жұмыс атқарылды», – деді Ресей Президенті.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, олардың арасында:
– Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт;
– «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған жол картасы;
– Қазақстан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісім;
– 2002 жылғы 7 маусымдағы мұнай транзиті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;
– 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және тереңдетуге қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов пен «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер «Достық» орденімен марапатталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды