- Басты
- Жаңалықтар
- Ақпарат министрі бірқатар жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады
Ақпарат министрі бірқатар жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады
Мемлекет басшысына кездесуде Ақпарат және коммуникациялар министрлігі алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясаттың бірқатар бағыты бойынша сапалы ақпараттық жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
« Біріншіден, ақпарат құралдарында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының іске асырылуы барысын көрсету керек. Екіншіден, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын орындау жұмысын насихаттауды күшейту қажет. Мысалы, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қытайдың «Жаңа Жібек жолы» стратегиясының ұштасуының оң аспектілері туралы әңгімелеп беруге болар еді. Инфрақұрылымдық даму аясында бірінші жылы – 1600 шақырым, ал былтыр 900 шақырым жол салынды. Мен ол туралы бірнеше рет айттым. Бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында бұл факт жария етілмеді», – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін ақпараттық тұрғыда көрсетудің өзектілігіне тоқталып, ел өңіріндегі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын БАҚ-та жария ету қажеттігін атап өтті.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдаудың және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі ережелерін жүзеге асыру үдерісіне ақпараттық тұрғыдан кеңінен қолдау көрсету қажеттігіне назар аударды.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Қазақстан Президентіне «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының іске асырылуы және қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық бағыты бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы