- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО ұйымдастырушылары көрменің ойын-сауық бағдарламасымен таныстырды (ФОТО)
ЭКСПО ұйымдастырушылары көрменің ойын-сауық бағдарламасымен таныстырды (ФОТО)
Ойын-сауық бағдарламасы 10 маусымда сағат 20.30-да ЭКСПО-2017 халықаралық маманандырылған көрмесінің салтанаты ашылу рәсімінен басталады.

«Рәсім бірнеше бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлім жаңа Конгресс-орталықта өтеді. Онда күрделі мультимедиялық шоу, тулар парады өтетін болады. Осыдан кейін көрменің ашылу рәсімі үлкен концерт өтетін амфитеатр аймағына ауысады. Бұдан бөлек, біз үлкен проекциялық шоу ұсынбақпыз. Кейін он минуттық отшашу болып, одан әрі концерттік бағдарламаға ұласады», - деді М. Омаров.
Елорда тұрғындары мен қонақтары Көрменің имидждік мәдени жобаларының бірі «Ұлы дала симфониясы» шоуында бола алады.
Одан әрі көрменің маусымдық бағдарламасы келесі маңызды іс-шараларды қамтитын болады:
• Қазақ Ұлттық Өнер университетінің концерті (10-12 маусым);
• The Great Gatsby Ballet - Френсис Скотт Фицджеральд туындысы бойынша заманауи хореография мен кинематография элементтері бар балеттік спектакль (15 маусым);
• Цирк дю Солей – «Reflect» шоуы (16 маусым - 9 қыркүйек);
• «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің концерті (18-21 маусым);
• Gakku ТА қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерт-фестивалі (23 маусым);
• 24 маусымда әлемнің үздік виолончельшілерінің бірі Миша Майский қызы Лили Майскаямен бірге өнер көрсетеді.

Шілде айында көрменің бағдарламасы отандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен концерттерді қамтиды.
1 шілдеде елорданың тұрғындары мен қонақтары Би-2 және Мумий Тролль концертін тамашай алады.
«30 Seconds To Mars – Джаред Лето, Шеннон Лето және Томо Милешевич
Олар миллионнан астам альбом сатып, миллион билеттерді әлем бойынша таратты. Оларды 2 шілде күні «Астана Аренадан» көруге болады.
Италияның танымал әншілерінің бірі Эрос Рамазоттиді 19 тамызда көруге болады.
Шараны тмамдайтын қорытынды концерт 2 қыркүйек күні өтеді. Концерт аясында британдық скрипкашы Томас Гульд өнер көрсетпек.
Салтанат Сұраганова
Фото: Қайрат Жандыбаев, ЭКСПО-2017 ұйымдастырушылары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары -
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері -
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды