- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен БҰҰДБ тұрғын үй секторындағы проблемаларды бірлесіп шешетін болады
Қазақстан мен БҰҰДБ тұрғын үй секторындағы проблемаларды бірлесіп шешетін болады
Жобаның мақсаты – тұрғын үй қорын басқару және күтіп-ұстауға шағын және орта бизнесті (ШОБ) тарту арқылы ТКШ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру болып табылады.
"ҚР ИДМ мен БҰҰДБ арасындағы бірлескен жоба 2018 жылдың аяғына дейін іске асырылады. Жобаның жалпы бюджеті 650 млн теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Қазақстанда бүгінгі таңда шамамен 80 000 көппәтерлі тұрғын үй ғимараттары тіркелген. Ғимараттардың 1/3 бөлігі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Көптеген ғимараттардың жылумен қорғаудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты терможаңғыртуды талап етеді. ШОБ осы мәселелерді шешудің локомотиві бола алар еді, алайда аталған салаға айтарлықтай назар аударылып отырған жоқ.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әсіресе оның сегменттерінің бірі – көппәтерлі тұрғын үй қоры – бұған дейін коммерциялық инвестициялар үшін пайдаланылмаған болашағы бар нарық болып табылады. Алайда, бұған тиісті нормативтік-құқықтық және институционалдық жабдықтау қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰДБ арасындағы бірлескен жаңа жобасы - тұрғын үй заңнамасына қажетті өзгерістерді, толықтыруларды әзірлеумен, тұрғын үйлерді кәсіби деңгейде басқаруға ауысу үшін жағдай жасау және секторға инвестицияларды тартудың әртүрлі механизмдерін сынақтан өткізумен айналысуды жоспарлап отыр.
Осы мәселелерді шешу қалалардағы және тұрғылықты елді-мекендерінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, ТКШ жүйелерінің тұрақты қызмет етуіне, тұрғын үй секторындағы энергия тиімділігін ілгерілетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады.
Аталған жоба, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған, ал қабылданатын шешімдер тұрғындардың масылдығын төмендетуге ықпал етеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция