- Басты
- Жаңалықтар
- Арал теңізін қалпына келтіру бойынша жобалар жүзеге асырылады
Арал теңізін қалпына келтіру бойынша жобалар жүзеге асырылады
Форумға Қызылорда облысының әкімі, Парламент Мәжілісінің депутаттары, бірқатар елдердің елшілері, орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова Арал теңізінің қасіреті ауыр экологиялық апаттың бірі болып отырғанын және мұның табиғатқа немқұрайлы қараудың салдары екенін айтты.
Мемлекеттік хатшы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында прагматизм туралы «Бұл өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу» екеніне назар аударғанын атап өтті.
Халықаралық Аралды құтқару қоры жұмыс жүргізіп келген жылдар ішінде Арал төңірегін экологиялық тұрғыдан сауықтыру және әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жөніндегі бағдарламалар жүзеге асырылды. Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен теңіздің солтүстік бөлігін қалпына келтірді. Бұдан да ауқымды жұмыс атқарылуы тиіс екендігі атап өтілді.
Г.Әбдіқалықова Арал теңізі алабының проблемаларын шешу ісіне халықаралық қоғамдастық қолдау көрсетіп, Орталық Азия мемлекеттері бұл бағытта одан әрі күш-жігерін жұмылдыра береді деп үміттенетінін жеткізді.
Форум аясында Арал төңірегін оңалту жөніндегі нақты жаңа жобалар және орнықты дамыту бағдарламалары бастау алды. Биоалуандылықты сақтауға, шөлейттендіруді тоқтатуға және көгалдандыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіруге, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойылды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Қармақшы ауданында болып, ондағы «Қорқыт ата» кешенін аралады. «Жыраулар үйі» мәдениет үйінің қызметімен, аудандық мұражай және кітапхана жұмысымен танысып, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады