- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ-да Қазақстан мен Вьетнам арасындағы контейнерлік тасымалды ұйымдастыру мәселелері талқыланды
ҚТЖ-да Қазақстан мен Вьетнам арасындағы контейнерлік тасымалды ұйымдастыру мәселелері талқыланды
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев Нгуен Данг Нгием басқарған Вьетнамның Saigon Newрort Cоrporation логистикалық компаниясының өкілдерімен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы контейнерлік тасымалды ұйымдастыру мәселесін талқылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қосымша жүк көлемін ұлғайту үшін Вьетнам мен Қазақстан арасындағы құрғақ жүктерді және контейнерлік жүктерді тасымалдау үшін бірлескен халықаралық жүктерді тасымалдауды үйлестіре отырып, Қазақстан аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия (ОША) елдері мен Еуропа арасында тиімді көлік-логистикалық тізбегін жалғауға баса назар аударып отыр», - деп атап өтті С. Елубаев.
Бұл мәселе Вьетнамның Saigon Newрort Cоrporation логистикалық компаниясының өкілдерінің Қазақстанға сапары барысындағы кездесулерде жан-жақты талқыланды.
Бұдан бөлек, келісөздер барысында SNC бас директоры Нгуен Данг Нгием басқарған делегация өзара тиімді серіктестік орнату мақсатында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, Ляньюнган (ҚХР) портындағы Қазақстан-Қытай нысандары инфрақұрылымы жұмыстарымен танысты.
Оның айтуынша, Еуразия құрлығының орталығында орналасқан Еуропа, Шығыс және Оңтүстік- Шығыс Азияның жедел дамушы нарығының бойындағы мемлекет транзиттік жоғары мүмкіндігі әлеуетін барынша тиімді пайдалануды жөн көреді.
Saigon Newрort Cоrporationкомпаниясның маркетинг жөніндегі директоры Буй Ван Куи АЭА қызметімен танысу барысында халықаралық деңгейдегі логистикалық шешімдерді іздеу қажеттігін баяндады.
«Біз Еуропамен Азияны жалғастыратын «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА таныстық. Біз үшін теміржол логистикалық тізбегімен жөнелткен жүктеріміздің барынша тез әрі қысқа қашықтықпен жеткені жөн. Біздің тапсырыс берушілеріміз өз жүктерін Қазақстанға, Орталық Азия өңіріне одан Еуропаға бағыттауы тиіс. АЭА-тың қызмет еткеніне бір жыл болған екен. Қазірге дейін 3 контейнерлік пойыз жөнелттік. Мұндағы заманауи қондырғылармен қамтылған сақтау қоймалары мен контейнерлерде жүктер жақсы сақталады. Болашақта бұл көлем еселеп артатын болады», - деп атап өтті Буй Ван Куи.
Айта кетейік, «Saigon Newport Corporation» компаниясы Вьетнамдағы №1 теңіз порты және логистикалық қызметтерді жеткізуші болып табылады. Корпорацияның құрамына 30 еншілес компания кіреді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция