• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресей басшылары сирияаралық келіссөздер кестесін талқылады

Қазақстан мен Ресей басшылары сирияаралық келіссөздер кестесін талқылады

30 Мамыр, 2017 17:24
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимр Путин күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық маңызды мәселелер туралы пікір алмасты.

Сириядағы жағдай мен Астанада алдағы күндері өтетін сирияаралық келіссөздер кестесі жөнінде де арнайы әңгіме болды.      

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды. 

Барлық жаңалықтар