• Басты
  • 2014 жылдың соңына дейін Google базасында қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару қызметі жүзеге асады – Р. Кенжеханұлы
25 Желтоқсан, 2013 09:08

2014 жылдың соңына дейін Google базасында қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару қызметі жүзеге асады – Р. Кенжеханұлы

«Google аудармашы» қызметiнде қазақ тілінен ағылшынға аудару жүйесі 2014 жылы басталады.Бұл туралы бүгiн ҚР ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында «WikiBilim» басшысы Рауан Кенжеханұлы мәлім етті.
2014 жылдың соңына дейін Google базасында  қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару  қызметі  жүзеге асады – Р. Кенжеханұлы

 «Өздерiңiз жиi қолданатын, журналистер қауымы жиi иек артатын Google жүйесiнiң iшiнде аударма қызметi бар. Қазiр бұл аударма қызметi 80 тiлге аударады. Сол тiлдердегi жекелеген сөздердi, сөйлемдердi, мәтiндердi, веб-сайттарды емiн-еркiн аударатын, тегiн жұмыс iстейтiн үлкен ғаламдық жүйе бар. Аударма үшiн кең қолданылатын негiзгi жүйелердiң бiрi осы болады. Сондықтан, бұл аударма қызметiне қазақ тiлiн қосу бастамасын осыдан 1,5 жыл бұрын қолға алған кезде, көздеген мақсатқа қол жеткiзу үшiн не iстеу қажет деген сұрақпен Google компаниясына шықтық. Google компаниясы өкiлдерi аударма сервисіне жауап беретiн командамен ақылдасты», - дедi Р.Кенжеханұлы.

 «Бұл жұмысты біз БиЛайн компаниясының қолдауымен бір жарым жыл бұрын бастаған болатынбыз. Мәселе қазақ тілін осы аударма жүйесіне қалай қосу қажет дегенге келіп сайды. Осы сұрақпен Гугл компаниясына өтініш жасадық. Бұл компанияның өкілдері мен ондағы аударма қызметіне жауапты топ оған өте көп көлемде қазақ және ағылшын тіліндегі айна көшірме аударма мәтіндер беру керектігін айтты», - деді Р. Кенжеханұлы.

Спикер айтып өткендей, жобаны іске асыруға «Билайн Қазақстан» компаниясы да қосылды. Олардың біріккен күш-жігерінің арқасында қысқа мерзім ішінде «Google» аудармашы жүйесін айна көшірменің қажетті көлемімен қамтамасыз етілген.

«Жақында «Google» компаниясы аударма қызметінің аясында қазақ тіліне аудару сапасын тексеру бетінің ашылғандығын жариялады. Енді бұл жұмыс бізден, қазақ тілін қолданушылардан, «Google» аудармашының жұмысына баға беретіндей белсенді жұмысты талап етеді», - деп аяқтады ол сөзін.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды