- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан 10 мың тоннаға дейін қой етін экспорттайтын болады
Қазақстан 10 мың тоннаға дейін қой етін экспорттайтын болады
«Қазақстанда сәуір айының соңында Қытайдың ветеринариясы бойынша топ жұмыс істеді. Олар Қытай үшін біздің мал шаруашылығы өнімін экспорттау бойынша жабық бес аймақты тексерістен өткізді. Тексерістер 27 сәуірде аяқталып, Талап хаттамасы толтырылды. Индикативті көрсеткіштер бойынша Қазақстан 2021 жылға дейін қой етінің экспортын 10 мың тоннаға дейін арттыруы керек», - деді Төлеутай Рахымбеков.
2016 жылы Қазақстан барлығы 191 тонна қой етін экспорттады. Егер еліміздегі қой етінің өндірісі туралы айтатын болсақ, онда Қазақстан жылына шамамен 150 мың тонна қой етін өндіреді.
«Ішкі тұтыну мөлшері шамамен 111 мың тонна, яғни біз өз қажеттілігімізді 130-140% қамтамасыз етіп отырмыз. Біз ішкі нарық қажеттілігінен 30-40%-ға артық өндіреміз. Ішкі нарыққа еш зиян келтірместен 30-40 мың тонна қой етін экспорттау мүмкіндігіміз бар», - деп баса айтты вице-министр.
Атап өтер болсақ, қытайлық нарық қазақстандық балық пен балық өнімдеріне, асыл тұқымды жылқыларға, бал мен омарташылық өнімдеріне ашық, Сонымен қатар хаттамалық қатырылған қой етінен басқа бұл елге тауарлық жылқыларды жеткізу мәселесі де қаралып жатыр. Бұдан басқа, БАӘ-ге ірі және майда мал басын, тауық жұмыртқасын жеткізу туралы ветеринарлық сертификаттарға қол қойылды.
«Сонымен қатар, бүгінде біз Иранға экспорттау мүмкіндігіне иеміз, себебі ветеринарлық сертификаттарға қол қойылды. Сондай-ақ Араб Әмірліктеріне, Кувейтке экспорт жасай аламыз. Израильдік тараппен келіссөздер жүргізілуде. Себебі ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың Израильге сапары барысында олар қазақстандық қой етіне үлкен қызығушылық танытты», - деп түсіндірді Т. Рахымбеков.
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет сағатында бірінші вице-министр Қайрат Айтуғанов хабарлағандай, 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 326 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған болатын, енді оның санын 467-ге жеткізу көзделіп отыр.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай