- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ ағымдағы жылы кооперативтер санын 467-ге жеткізуді көздеп отыр
АШМ ағымдағы жылы кооперативтер санын 467-ге жеткізуді көздеп отыр
Ұсақ шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативке қатыстыру бойынша шаралар қабылданды. Мысалы, барлық 160 ауылдық ауданда семинарлар өткізіліп, 2 248 ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары оқытылды; кооперация туралы сұрақтарға толық мәлімет алу мақсатында Колл-орталық және порталы жұмыс жасауда, ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін модульді сүт қабылдау және мал сою пункттерін кепілсіз және алғашқы жарнасыз сатып алу схемасы енгізілді, сондай-ақ кооператив мүшелері үшін несиелерді кепілдендіру тетігі көзделді.
«2017 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 326 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған болатын, енді оның санын 467-ге жеткізу көзделіп отыр.30 мамырдағы жағдай бойынша 286 бірлік тіркелді, соның ішінде сүт дайындау бойынша 102, ет өндіру және дайындау бойынша 181», - деп келтірді мәліметтерді Қ. Айтуғанов.
Сонымен қатар, вице-министрдің мәліметі бойынша 20 136 бас ірі қара мал басына арналған отбасылық бордақылау алаңы мен 51 жылыжай құрылды. Ауыл шаруашылығы өнімінің тауарлы өндірісіне 40 мыңнан астам жеке қосалқы (ЖҚШ) және ұсақ фермерлік шаруашылықтар қатыстырылды. Айта кетерлік жайт, 2017 жылға 135 мың ЖҚШ жоспарланған.
«Жалпы кооперативтерді құру бойынша жақсы динамика байқалуда. Сонымен қатар, тіркелген кооперативтердің кейбірі ұсынылатын талаптарға сәйкес келмейді, ал жеке өңірлер бойынша жалпы жұмысты күшейту қажет. Осындай кооперативтерді талаптарға сәйкес келтіру бойынша шаралар әкімдіктерге жеткізілді және олар бойынша нақты жоспар құрастырылды. Тауар өндірісіне шағын шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды тарту биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында сиыр еті өндірісін 4,1%-ға, құс етін - 9,2%-ға, сүт өндірісі көлемін - 3,3%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті спикер.
Естеріңізге сала кетейік, келелі отырыста Қайрат Айтуғанов тұқым шаруашылығын субсидиялауға 7,7 млрд теңге көзделгенін және бүгінгі таңда көктемгі-дала жұмыстары 85%-ға аяқталғанын хабарлады.
Ақбота Күзекбай
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі