- Басты
- Жаңалықтар
- М.Жолдасбеков «Барыс» орденімен марапатталды
М.Жолдасбеков «Барыс» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы кездесуде М.Жолдасбековты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
«Тәуелсіздіктің алғашқы таңынан бастап Сіз әрдайым менің жанымда болдыңыз. Маған қолдау білдіріп, кеңесшім, Премьер-Министрдің орынбасары болып қызмет атқардыңыз. Мен Сізді жауапты лауазымдарға тағайындадым. Елші, университет ректоры болдыңыз, дипломаттарды тәрбиелеуге атсалыстыңыз. Белгілі ғалым, қаламгер ретінде кең танылдыңыз», – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде М.Жолдасбековтың ел алдындағы еңбегін ескеріп, қоғам қайраткерін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
М.Жолдасбеков өз қызметінің нәтижелерін жоғары бағалағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
«Мен тәуелсіздігіміздің қалыптасуындағы барлық процестің куәгері болдым. Жақсылық та, қиындық та, таршылық та бастан өтті. Бақытымызға орай, қазір егемендіктің арқасында жақсы өмір сүріп жатырмыз. Ел ішінде реформалар жүргізілуде, бәріміз күткен рухани жаңғыру басталды. Мен қашан да Сіздің қасыңызда, сенімді серігіңіз болып қала беремін», – деді қоғам қайраткері.
-
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды -
Түркістандық азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталды -
Мақтааралда ерікті әскерилер марапатталды -
Қазақстанның үздік кәсіпорындары мен кәсіпкерлері марапатталды -
Елордада "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерлері марапатталды -
Мәскеуде қазақстандық Ауған соғысы ардагерлері марапатталды
-
Елордада инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік жұмыстардың авторлары марапатталды -
Елордада «Жасыл офис» конкурсының жеңімпаздары марапатталды -
Назарбаев Джордж Кролды «Достық» орденімен марапаттады -
Мәдениет саласындағы үздік БАҚ өкілдері марапатталды -
Елбасы Татарстан Президентін «Достық» орденімен марапаттады -
Астанада үздік шетелдік инвесторлар марапатталды (ФОТО)