- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаевқа төрт елдің елшілері сенім грамоталарын тапсырды (ФОТО)
Нұрсұлтан Назарбаевқа төрт елдің елшілері сенім грамоталарын тапсырды (ФОТО)
Салтанатты шара барысында ҚР Президентіне сенім грамотасын Корея Республикасының ҚР-дағы елшісі Ким Дэ Сик, Сербия Республикасының ҚР-дағы елшісі Владан Матич, Индонезия Республикасының ҚР-дағы елшісі Рахмат Прамоно және Румынияның ҚР-дағы елшісі Чезар-Маноле Армян тапсырды.
Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің басталғанымен құттықтап, олардың қызметі мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.
«Сіздерді елші ретінде жоғары лауазымды қызметке тағайындалғандарыңызбен құттықтаймын. Жақында ғана Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығын атап өттік. Біз жас мемлекетпіз, алайда көптеген қиындықтарды басымыздан өткердік. Бүгінде біз әлем картасында лайықты орын алып отырмыз. Біз жаңарудың және дамудың екінші кезеңіне өттік. Бүгінде мен елімізді жаңғыртудың үшінші бағдарламасын жарияладым. Елімізде индустрияландыру бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда. Біз бай мемлекетпіз, баламалы экономика үшін индустрияны салудамыз, рухани жаңғырту талаптары аясында жастарды тәрбиелеп жатырмыз. Әрине, мақсат әлемнің дамыған 30- елінің қатырынан көріну», - деді Елбасы.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Қазақстан егемендік алған алғашқы күннен бастап әлемнің барлық елдерімен сындарлы саясат жүргізіп келеді.
«Корея Республикасы – Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктесінің бірі. Мен Сеулге былтырғы қарашадағы мемлекеттік сапарымның нәтижесін жоғары бағалаймын. Қазақстан экономикасы үшін Оңтүстік Корея өңірдегі ірі инвестордың бірі болып саналады. Қазақстан дипломатиясының күш-жігері Солтүстік Кореяға қатысты мәселені тек бейбіт келіссөздер арқылы шешуге бағытталған. Мен осы өңірде бейбітшілік орнайтынына сенемін. Екіжақты ынтымақтастықты барлық салада одан әрі дамыту жолдарын талқылау үшін Президент Мун Чже Иннің Қазақстанға сапармен келуін күтеміз. Сонымен қатар, Қазақстан мен Индонезия арасындағы қарым-қатынастың дамуында ілгерілеушілік бар, саяси және халықаралық мәселелерге қатысты Астана мен Жакартаның көзқарастары ұқсас. Елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың әлеуеті жоғары және бұл бағыттағы үкіметаралық жұмысты жолға қою қажет. Бұдан басқа, Қазақстанның Сербия Республикасымен қарым-қатынасы жүйелі әрі дәйекті түрде дамып келе жатыр. Елдеріміздің байланысын нығайтуға соңғы екі жылдағы жоғары деңгейде өткен сапарлар тың серпін берді. Екіжақты саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті зор. Сондай-ақ, Қазақстан Румыниямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға баса мән береді. Румын экономикасының энергетика саласына еліміз салған инвестиция мемлекеттеріміз арасындағы кооперацияның айшықты айғағы. Астана мен Бухарест арасындағы ынтымақтастықты серіктестіктің жоғары деңгейіне көтеруге мүдделіміз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қайрат Жандыбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Үгіт-насихат жұмыстары: он төртінші күннің қорытындысы -
Атырау облысының әкімі өңірдегі төрт басты проблеманы атады -
Әлемдегі эпиджайғдай: Ұлыбритания төрт апталық локдаун енгізді, Чехия мен Францияда карантин шаралары күшейді -
Тоқаев: Ұлттық сенім кеңесі бір жылда маңыздылығын көрсете алды -
Астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете ала ма -
ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Асқар Маминмен кездесіп, елдің экономикалық дамуы жайлы сөйлесті -
Тоқeев Ливaндағы қазақстандықтардың қауiпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды