- Басты
- Жаңалықтар
- «Азаматтарға арналған үкімет» перзентханаларда 260 мынан аса мемлекеттік қызмет көрсетті
«Азаматтарға арналған үкімет» перзентханаларда 260 мынан аса мемлекеттік қызмет көрсетті
Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет - бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы - бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы - әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.
«Қазіргі уақытта пилоттық жобаға 206 перзентхана мен перинаталды орталықтар қамтылған, ол жерлерде қызметтерді мемлекеттік корпорацияның 309 жұмыскері көрсетеді. «Пилоттық жоба дегеніміз перзентханада ХҚКО инспекторларының бірден 4 қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауын білдіреді – ол бала тууды тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және балабақшаға кезекке қою. Бұл жас аналар үшін өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге ХҚКО-ға бару үшін жаңа туылған нәрестені кіммен қалдыруды ойланудың қажеті жоқ» - деді Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұрғазиев.
Нұрғазиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууға байланысты жәрдемақыны бір облыс шегінде, тіркелген жеріне қарамастан ресімдеуге болатынын да атап өтті.
Мысалы, әйелдің тұрғылықты тіркелімі Семейде, ал баланы Риддерде босанса, онда ол барлық қажетті құжаттарды Риддердегі перинаталдық орталықта ресімдей алады.
Осы 4 қызметті ресімдеу үшін қазақстандықтар ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (ҚР аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), баланың туылуы туралы медициналық куәлікті (перзентханада беріледі), туу туралы куәлікті немесе барлық балаларға туу туралы акт жазбаларынан көшірме үзіндіні, банк шотының нөмірі туралы құжатты ұсынуы тиіс.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Ұлт жоспары «100 нақты қадамында» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру тапсырылған болатын, ол Канададағы Canada Service пен Австралиядағы Centrelink бірегей үлгісімен әзірленеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі