- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық академиялық кітапханада 7 млн басылым сақталған
Ұлттық академиялық кітапханада 7 млн басылым сақталған
Бүгінгі таңда елордамыздың осы интеллектуалды орталығының қорларында 7 миллион басылым, ал Қазақ ұлттық электрондық кітапхана жүйесінде 30 мың электронды көшірме сақталып, кітапхана қызметтерін жыл сайын әлемнің 116 мемлекетінен 60 мың келуші қолданады.
Кітапхана бастамасымен аймақтық электрондық хаб құрылып, шетелдік аудиторияны тарту қамтамасыз етілген - Қытай, Түркия, Ресей, Финляндия, Корея, Малайзия, Венгрия және Қырғызстанда Қазақ әдебиеті орталықтары ашылды. Алғаш рет "Кітапханалық туризм" халықаралық жобасы іске қосылды.
Сонымен қатар министр аймақтармен бірге қалашықтарды жаңғырту мен сақтау, Сарайшық, Талғар, Бозок, Ботай және т.б. археологиялық саябақтар құру бойынша жұмыс жүргізілетіндігін хабарлады. Жалпы екі жыл ішінде 50-ге жақын мәдениет және тарих ошақтарында қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстың барлығы "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын жүзеге асырудың негізі бола алады.
2014 жылдан бері Қазақстанның материалды және материалды емес мұрасының 15 объектісі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілді. Оның ішінде Жібек жолы Жетісу бөлігінің 8 объектісі (Талғар, Қойлық, Қарамерген, Степнинское, Өрнек, Құлан, Қостөбе, Ақыртас) бар. Биыл аталмыш Тізімге Сырдарья бөлігінің 16 объектісін енгізу жоспарланған.
«Жалпы алғанда бұл жұмыс Қазақстанның әлемдегі танымалдық географиясын әлдеқайда кеңейтеді»,- деп қорытындылады министр.
Ведомство басшысының ақпаратына қарағанда, елімізде 8 мыңнан астам мәдениет ұйымдары бар. Олардың ішінде 34 ұйым республикалық статусына ие: 10 театр, 3 кітапхана, 15 музей және қорық-мұражай, 6 концерт ұйымы.
«Мәдениет мекемелерінің бәсекелестігін арттыру мен көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру мәселесі маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл орайда барлық республикалық мәдениет ұйымдарының жұмыс форматы өзгертілді»,- деді А.Мұхамедиұлы.
Мысалы, музейлер мен қорық мұражайлар мемлекеттік мекеме форматынан мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынға ауыстырылды, бұл өз кезегінде ақылы қызмет көрсетуге, кәдесыйлар, кітап, альбомдар сатуға т.б. мүмкіндік береді. Барлық орталық музейлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге лицензиялар алды.
Одан басқа, ЮНЕСКО резолюциясына сәйкес өткен жылы Алматыдағы Мемлекеттік кітап музейі негізінде Орталық Азиядағы ЮНЕСКО-ның алғашқы ресми өкілдігі болатын Мәдениеттер жақындасу орталығы ашылды.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі