- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Кот-д’Ивуар өзара байланыстарын жандандыруға уағдаласты
Қазақстан мен Кот-д’Ивуар өзара байланыстарын жандандыруға уағдаласты
Бұл сапар қазақстан-ивуар қатынастары тарихындағы Кот-д’Ивуар өкілінің Қазақстанға жоғарғы үкіметаралық деңгейде жасаған алғашқы сапары болып табылады.
Кездесу барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық саладағы перспективаларын және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдарын талқылады.
Қ. Әбдірахманов дипломатиялық ынтымақтастық орнатылған кезден бастап екі ел арасында достық байланыстардың қалыптасқанын, тараптардың халықаралық аренадағы өзара қолдау көрсетулерін атап өтті. Кот-д’Ивуар Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдады, ал Қазақстан Кот-д’Ивуар-дың 2018-2019 жж. БҰҰ ҚК Тұрақты емес мүшелігіне қолдау көрсетті.
Қ. Әбдірахманов «Кот-д’Ивуар Қазақстанмен тауар айналымының көлемі бойынша Африканың 55 мемлекетінің ішінде 10-шы орын алады. Ол жақсы көрсеткіш, бірақ сауда көлемін әрі қарай өсіруге барлық негіздемелер бар», – деп айтты. Сұхбаттасушылар екі мемлекет арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.
СІМ хабарлағандай, тараптар екі елдің Ислам ынтымақтастығы ұйымының шеңберіндегі өзара іс-қимылы арнайы тоқталды. Эли Кулибали Кот-д’Ивуар Президентінің 2017 жылғы 10-11 шілдеде Абиджан қаласында өтетін ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 44-ші сессиясына шақыру хатын табыс етті.
Өз кезегінде, Қ.Әбдірахманов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кот-д’Ивуар Президенті Алласана Уаттараны 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін ИЫҰ Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне шақыруын қайталап қуаттады.
Қазақстан мен Кот-д’Ивуар дипломатиялық қарым-қатынастарын 2009 жылғы 25 мамырда Дамаск қаласында өткен ИЫҰ СІМК 36-шы сессиясы барысында орнатты.
2016 жылдың қорытындысына сәйкес, Қазақстан мен Кот-д’Ивуар арасындағы сауда айналымы 2,7 млн. долларды құрайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды