- Басты
- Жаңалықтар
- Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі
Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі
Сенат депутаты, аграрлық комитет мүшесі Рашид Әкімов аталмыш заң жобасы 7 кодекс пен 7 заңнамалық актіге өзгертулер енгізуді қарастырады. Бұл құжат биологиялық әралуандықты сақтау үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайларды жасауға бағытталған.
«Атап айтқанда, орман және аң аулау шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ экологиялық және өзге де аралас заңнамаға түзетулер енгізу көзделіп отыр», - деді РүӘкімов.
Заң жобасындағы жекелеген баптар орманды пайдалану, балық шаруашылығы қызметі, жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіруді, жануарларды елімізге әкелу және әкету мәселелерін қарастырады.
«Мемлекеттік ұлттық парктер мен олардың қорғалатын аймақтарының аумақтарын пайдалану тәртібі нақтыланып, биосфералық резерваттардың құқықтық тәртібі белгіленеді», - деді ол.
Заң жобасы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларын 25 пайызға жоғарылатуды, сондай-ақ оларға мал жаю мен шөп шабу үшін жер учаскелерін беруді көздейді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі