- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды
Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды
2017 жылғы 28 сәуірден 28 мамырға дейінгі кезеңде республика бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлығы 89 кандидат ұсынылды. 2014 жылмен салыстырғанда Сенатқа кезекті сайлауда 88 кандидат, ал 2011 жылы – 96 кандидат ұсынылды.
Осылайша, Парламенттің жоғары палатасының депутаттарын сайлау жөніндегі соңғы үш сайлау науқанында ұсыну қорытындылары бойынша бір сенатор мандатына орташа алғанда 5 үміткерден келеді.
«Осы жылы кандидаттардың көбі Астана қаласында ұсынылды – 9 адам, ең азы Шығыс Қазақстан облысында – 4 адам.Сенатқа қазіргі сайлау барысында өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған кандидаттар санының өсуі байқалады - 82 (92,1%) кандидат (салыстырғанда 2014 жылы - 82,9%, 2011 жылы 82,7%). Бұл ретте мәслихаттар 7 кандидатты (7,9%) ұсынды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ өткен сайлау науқандарымен салытырғанда ұсынуда әйелдердің белсенділігі 2,6 есе өсті: ұсынылған кандидаттардың ішінде 13 әйел (салыстырмалы түрде, 2014 жылы - 5 әйел, 2011 жылы - 6), оның ішінде Астана және Алматы қалаларында 7 әйел ұсынылды.
Кандидаттардың орташа жасы 51,9 жасты құрайды (2014 жылы – 54,1; 2011 жылы – 53,3). Ең жас кандидат 30 жаста, үміткерлердің ішіндегі ең үлкені 68 жаста.
Мамандықтары бойынша: 26-сы инженер, 21-і экономист, 10-ы оқытушы, 10-ы – заңгер, 9-ы - аграрлық саланың өкілдері, 5-еуі дәрігер, 2-еуі саясаттанушы және 6-ауы басқа мамандық иелері.
Өз кандидатураларын қызметтегі 4 сенатор ұсынды. Ұсынылғандардың ішінде 5-еуі мәслихаттар депутаттары, 35-і - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 13-і - мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 23-і - мемлекеттік қызметшілер және 7-еуі - қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
Қазіргі уақытта Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу рәсімі жалғасуда, ол 7 маусымға дейін жалғасады.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді