• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ҚР мен Пәкістанның мемлекеттік қызмет саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды

Астанада ҚР мен Пәкістанның мемлекеттік қызмет саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды

24 Желтоқсан, 2013 11:52
Кеше, 23 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары С.Ахметжанов Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шаукат Али Мукадаммен кездесті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында С.Ахметжанов Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін айта келіп, мемлекеттік қызмет саласындағы Астанадағы Өңірлік хаб аясындағы әріптестіктің маңызы жайлы мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде елші Пәкістанның федералды мемлекеттік қызмет құрылымы мен жүйесін таныстырып өтті.

Тараптар мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Барлық жаңалықтар