- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат ету құжаттарының санын 92%-ға қысқартты
Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат ету құжаттарының санын 92%-ға қысқартты
Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат ету құжаттарының санын 92%-ға қысқартты.Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде «Бизнесті қолдау бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Іс-шара барысында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бақылау мен қадағалаудың тәуекелге бағдарланған үлгісін енгізу, өнімнің қауіпсіздігін бизнеске қосымша жүктемесіз бақылауға мүмкіндік беретін бақылаудың жаңа нысандарын енгізу мәселелері қозғалды.
ҚР Үкіметінің тапсырмаларын іске асыруда бизнеске қысымды төмендету үшін рұқсат ету құжаттарының саны 81-ден 7 түрге дейін қысқартылды, тәуелсіз сарапшылардың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуі, камералдық бақылау, өнімді өткізу сатысында сатып алу сияқты тексерулердің бұдан бұрын санитариялық қызмет қолданбаған балама түрлері енгізілді, өндірістік бақылау бағдарламаларын енгізу бойынша түсіндіру жұмысы жалғасуда.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер санын қысқарту үшін алынған тәжірибені ескере отырып, жаңалықтар тәуекелдерді бағалаудың жаңа өлшемшарттарын әзірлеуге негіз болды. Эпидемиялық маңызды объектілер тізбесін қалыптастыруға арналған тәсілді қайта қарау ерекше тәртіп бойынша бақылау мен қадағалауға жататын объектілер санын 60 %-ға немесе 26 мың объектіге қысқартуға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылғы екінші жартыжылдығында жоспарланған бақылаудағы объектілерді инвентарлау ерекше тәртіп бойынша тексерулердің санын 8,5 мыңға (28%) одан әрі қысқарутуға алып келді.
Сондай-ақ, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин «Қайта реттеу» жобасы шеңберінде жүргізіліп жатқан санитариялық қағидалардың талаптарын оңтайландыру бойынша жұмыс туралы айтты.
Оның қорытындысы бойынша санитариялық қағидалардың саны 10 еседен астамға (700-ден 67-ге дейін), ал олардағы талаптардың саны қазіргі уақытта 11 мыңнан 4 мыңға дейін қысқартылды, бұл қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялардың дамуына байланысты түзетулерді енгізу қажеттілігінен туындаған және бұл процесс тұрақты өтуде.
«Халықты толғандыратын бақылаудан алынған объектілерді бақылаумен қамтамасыз ету үшін Комитет халықпен үнемі байланыста болуы қажет екенін атап өтті. Бұл үшін аумақтық бөлімшелері бар Комитеттің сайты (kooz.mz.gov.kz) жұмыс істейді, барлық аумақтық бөлімшелерде қоғамдық қабылдау бар. Бұдан басқа консультациялық орталықтар, «қауырт желі» телефондары бар, «Ашық есік күндері» ұйымдастырылады, азаматтарды қабылдау жүргізіледі», - деді Ж.Бекшин.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды