- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
ШҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Таратылған ақпаратқа сәйкес, ШҚО мен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»АҚ басшылығы арасында «Нұрлы жер» бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.
Күтіліп отырғандай, келісім аясында аймақ басшылығы жеке тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады, ал банк – жер телімдерін алғандарды несиелеуді бастайды. Кезекте тұрғандарға жер телімдері дайын инфрақұрылыммен беріледі. Сонымен қатар, оларға әкімдік бекіткен бір үлгідегі үйлердің бірнеше жобалары ұсынылады.
Бұдан басқа, тараптар займның пайыздық үстемақы мөлшерін төмендету мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, ШҚО-ның екі қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бойынша жеке бағдарлама жасақтау туралы шешім қабылданды. Онда жеке тұрғын үй құрылысын бастағысы келетіндер үшін алғашқы жарна көлемін төмендету жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес 15 жыл ішінде 1,5 млн қазақстандық отбасы баспаналы болады. Бірінші кезең аясында 2017-2021 жылдары шамамен 53 млн шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне беріледі.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы