• Басты
  • «Probono» жүйесін енгізу кезінде адам құқықтары сапалы қорғалады – М. Бекетаев
29 Мамыр, 2017 13:57

«Probono» жүйесін енгізу кезінде адам құқықтары сапалы қорғалады – М. Бекетаев

«Probono» жүйесі – адвокаттардың азаматтарға жылына белгілі бір сағат көлемінде бюджеттік өтеусіз заңды көмек көрсетуі. Осы халықаралық жүйе және оның Қазақстанда қалай енгізілетіні туралы ҚР Мәжілісінде өткен үкімет сағатынан тыс ҚР әділет министрі түсіндіріп берді.

«Probono» жүйесін енгізу кезінде адам құқықтары сапалы қорғалады – М. Бекетаев | Strategy2050.kz

«Probono» жүйесі алғаш рет Англияда дамыған. Бұл адвокаттың өзінің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ақы төлей алмайтын клиенттің ісін алып, басынан аяғына дейін тегін жүргізуі. Әдетте, мұндай клиенттерге халықтың әлеуметтік қорғалатын бөлігі жатады. Яғни, ол бір күн консультация беріп және жазбаша ұсынымдар жазып қана қоймай, клиенттің ісін толығымен жүргізеді», - деп түсіндірді журналистерге М. Бекетаев.

Оның айтуынша, бұл жүйе – жылдар бойы қалыптасқан әлемдік практика.

«Адвокаттар өздеріне осындай жұмыстарды алған жағдайда олардың көпшілік алдындағы беделі жақсара түседі. Мысалы, 19 ғасырда Англияда біреу жетім баланы, оның құқықтарын сотта сәтті қорғап шыққан. Осы сынды істердің нәтижесінде «Probono» жүйесі пайда болды, - деп қосты спикер.

Сондай-ақ, аталған жүйе бойынша белгілі талап бар – адвокат жылына белгілі бір сағат санын жинауы тиіс. Қажетті сағат санын жинамаған жағдайда оның лицензиясы тоқтатылады.  

«Клиенттер және тіпті әділет министрлігі төрелік талқылауда істі жүргізу үшін заңды фирмаларды жалдаған жағдайда біз де фирманың «Probono» талаптарын қаншалықты орындайтынына қараймыз. Әдетте, қалыптасқан, беделді адвокаттар орындайды. Оларға осы жүйенің қаншалықты орындалатынын, оның қаншалықты табысты әрі әлеуметтік-жауапты екенін көрсету керек. Біз адвокаттар қауымдастықтарына осы жүйені өздері орнату үшін ешқандай заңнамалық талаптардың қойылмайтынын айтып жүреміз. Адвокаттар алқасы осы жүйені өздері енгізе алады және кез келген адвокат өз қызметтерін мұқтаж адамдарға тегін ұсына алады», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанда кейбір адвокаттар осындай тегін қызметтермен айналысуда.   

«Қазіргі уақытта осындай іспен айналысып жүрген адвокаттар бар, алайда, олар оны жария етпейді, себебі бұл әр адвокаттың жеке ісі. Болашақта адвокаттар алқасымен ортақ тәсілдер тауып, осы практиканы енгіземіз деген ойдамын. Бұл жүйе жұмыс істейтін болса, адам құқықтары да сапалы деңгейде қорғалатын болады», - деп түйіндеді Бекетаев.  

Ақбота Күзекбай

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды