- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазфосфат» ЖШС өндірісін екі есеге арттырды
«Қазфосфат» ЖШС өндірісін екі есеге арттырды
«Қазфосфат» ЖШС екі бағытта жұмыс істейді – сары фосфор және минералды тыңайтқыштар. Өткен жылы экстракциялы фосфор цехінің құрылысы аяқталды, ол өндіріс көлемін екі есеге арттырып, 300 мың тонна қуаттылыққа шығуға мүмкіндік береді.
Аммосфера цехі 2018 жылы қайта жөнделген соң тыңайтқышты өндіру 500 мың тоннаға жетеді.
«Жаңа нарықтарды игеріп, логистиканы арттыру керек. Сондықтан жеткізілімдердің географиясы кеңеюде: Қытай, Румыния, Ресей, Украина, Балтық елдері мен ТМД өзге елдерінен бөлек «Қазфосфат» ЖШС тыңайтқыштарды Аргентинаға экспорттай бастады. Биыл 100 мың тоннаны жеткізуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылдың күзінде Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды округіне 40 мың тонна жеткізілген болатын, бүгінгі күннің міндеті – 100 мың тоннаға жеткізу», - деді «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Искандеров.
Оның айтуынша, жыл соңында химиялық кәсіпорын минералды тыңайтқыштар зауытында аммос өндірісін жоспарлап отыр. Осылайша, 2020 жылға қарай оның көлемін 1 млн тоннаға жеткізу қарастырылған.
Айта кетейік, жамбылдық зауытта екі фосфорлық пеш жұмыс істейді. Маусым айынан бастап үш пешті режимге көшу қарастырылып отыр. Еуропа, Америка, Үндістан нарықтарына өнім жеткізу жоспарланып отыр.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді