• Басты
  • Алматыда 114 көше қосымша жөнделеді
29 Мамыр, 2017 15:03

Алматыда 114 көше қосымша жөнделеді

Алматыда ұзындығы 83,7 километр болатын 114 көше қосымша жөнделетін болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматыда   114  көше қосымша жөнделеді | Strategy2050.kz

Бүгінгі күні қалада жоспарланған 250 мың шаршы метр жолдың 50 мың шаршы  метріне ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Сонымен қатар, 97 мың шаршы метр тротуарлар, 130 бекеттер алаңдары абаттандырылуда, 12 магистральды және ұзындығы 31,27 км болатын аудандық маңызы бар жолдар орташа жөндеуден өтуде.

«1 маусымнан бастап ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұлардан өзге, депутаттар  мәслихаттың соңғы сессиясында ұзындығы 83,7 км болатын 114 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу  үшін қосымша 2,5 млрд. теңге бөлу жөніндегі  шешімді бірауыздан қолдады», - делінген  хабарламада.

Маусым айында көше- жол жүйесінің көлік өткізу қабілетін арттыруға ықпал ететін трамвай рельстері сүріліп, 18  жол бұрылысында орташа жөндеу жұмыстары басталады. Торайғыров және Каблуков көшелерінде ұзындығы 3,7 км болатын велосипед жолы  салынып, айналасы абаттандырылады.

Шевченко, Қонаев, Өтепов көшелеріндегі 7,5 км жердегі трамвай рельстері алынады. Бұл учаскелерге де  орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бордюрлер реттеліп, арық жағалаулары, бекет нүктелері, велосипед жолдары көріктендіріледі.

Қазіргі кезде Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аймақ қайта жасалып, велосипед жолдары ретке келтірілуде, Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы  елді мекеніне дейінгі ұзындығы 2,08 км. жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Жалпы, жолдарды жөндеу жобасында көлік қозғалысы бөліктерін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзені  арқылы өтетін көпірді  қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложолдар мен ұзындығы 4 км болатын тротуарларды абаттандыру да қарастырылған.

Жақын күндері Алатау ауданындағы Алғабас және Ақбұлақ ықшам аудандарында ұзындығы 10,9 км болатын жолдың, ал Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Алты Алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,3 км болатын жолдардың құрылыстары басталады.

Жалпы, Алматыда жолдарға жүргізілетін құрылыс- жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен  9,5  млрд. теңге бөлінген. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды