- Басты
- Жаңалықтар
- 2040 жылға дейін су ресурстарын басқару бойынша ҚР мемлекеттік бағдарламасына инвестициялар көлемі 8,2 трлн теңгеге бағалануда – Н.Қаппаров
2040 жылға дейін су ресурстарын басқару бойынша ҚР мемлекеттік бағдарламасына инвестициялар көлемі 8,2 трлн теңгеге бағалануда – Н.Қаппаров
"2040 жылға дейін су секторын жетілдіруде 8,2 трлн. теңге көлемінде капиталдық инвестициялар қажет, олардың 5,4 трлн. теңге республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан, ал 2,8 трлн. теңге халықаралық даму институттары тарапынан жеке инвестициялар және қарыздай қаржыландыру есебінен қарастырылған", - деді Н.Қаппаров.
"Бағдарлама күтілетін су тапшылығын азайту бойынша бірқатар шаралар ұсынады, олардың 9,5 млрд куб метрін инфрақұрылымды жетілдіру және өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы және ТКШ-дағы суды үнемдеуді арттыру бойынша шаралар есебінен жабуға болады", - деп жалғастырды ол.
Сондай-ақ, ҚОСРМ басшысы қосымша 2,7 млрд куб метр суды ылғал сыйымды ауыл шаруашылығы дақылдарының құрамын қайта қарау және құны 800-900 млрд теңге болатын мега-жобалар құрылысы есебінен сақтауға болады.
Сонымен қатар, су беру инфрақұрылымдарын, магистралдық және бөлу арналарын жетілдіруге 925 млрд теңге қарастырылған.
Министрдің айтуынша, ТКШ саласында «Ақ бұлақ» бағдарламасының 912 млрд теңге көлеміндегі бюджетке қосымша сумен жабдықтауға және су бұруға 2040 жылға дейін 3,6 трлн теңге инвестициялар жоспарланған.
"Осылайша, ТКШ секторы ең капитал сыйымды болап табылады. Сонымен бірге, дәл осы сектор тарифтердің қажетті деңгейін қамтамасыз еткен жағдайда жеке инвестициялар тартуға мүмкіндіктер ұсынады", - деп басып айтты ведомство басшысы.
Табиғатты қорғау ведомствосында судың айтарлықтай көзі жер асты ресурстары болуы мүмкін деп болжап отыр, бірақ оның әлеуетін толық бағалау үшін қосымша геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу қажет.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген