- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ЕАЭО елдеріне экспорт көлемін арттыруда
Қазақстан ЕАЭО елдеріне экспорт көлемін арттыруда
Ұлттық компаниядан хабарлағандай, ірі отандық кәсіпорындар –трансформаторлық құралдардың, минералды тыңайтқыштардың, ас тұзының, кондитерлік өнімдердің, майлы өнімдерді, сонымен қатар балық өнімдерін өндірушілер Армения, Ресей, Беларусия мен Қырғызстанның 70-тен астам көтерме сатып алу және дистрибьюторлық компанияларымен, сондай-ақ Грузия мен Иранның компанияларымен келіссөздер жүргізді.
Қазақстандық бизнесті армениялық тарап үлкен қызығушылықпен қарсы алды, отандық тауарды сатып алуға мүдделі екенін көрсетті.
Екіжақты кездесулердің нәтижесінде алдын-ала мәліметтер бойынша қазақстандық және армениялық компаниялар азық-түлік, машина құрылысы, химия өндірісінің өнімдерін жалпы сомасы 4 млн долларға жуық қаражатқа жеткізу туралы келісім жасасты.
Бұдан басқа, аталмыш форумның алаңында «KAZAKH INVEST» еуразиялық экономикалық комиссияның басшылығымен ЕАЭО елдеріне экспорт көлемін арттыру мәселесін және біздің тауарларымызды экспорттауда кездесетін проблемаларды талқылады.
«Осындай пікір-таластар ЕАЭО елдері экспортаушылар үшін серіктестік байланысты орнатуға, еркін сауда бойынша келіссөз жүргізуге және еркін байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай пікір-таластар экспорттық әлеуеті барынша тиімді пайдалануға жағдай жасайды», - деп атап өтті ЕЭК сауда бойынша Коллегия мүшесі (Министр) Вероника Никишина.
Өз кезегінде, қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін экспортқа шығаруда мұндай шаралардың қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.
«Біз өзіміздің қызметімізде отандық тауарды ЕАЭО елдерінің нарығына шығаруға үлкен дең қоямыз. Еуразиялық экономикалық форум аясында қазақстандық экспорттың флагманын таныстырдық. Біздің өніміміз үлкен қызығушылық тудыруда», - деп түйді «KAZAKH INVEST»ҰК»АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы