- Басты
- Жаңалықтар
- Әділет министрлігі адвокаттық контораның мәртебесін реформалауды жоспарлауда
Әділет министрлігі адвокаттық контораның мәртебесін реформалауды жоспарлауда
«Адвокаттық конторалардың жұмысын саралау олардың заманауи талаптарға сай емес екендігін көрсетіп отыр. Мұндай жағдайда тиімді ұжымдық жұмысты ұйымдастыру өте қиын. Сондықтанда Әділет министрлігі адвокаттық контораны құру тәртібі мен мәртебесін реформалауды ұсынып отыр», - деді министр Марат Бекетаев.
Сонымен, оның айтуынша, контораларға құқық меншігі негізінде жекеменшікке иелік ету құқығын беру жоспарлануда.
«Бұдан басқа, адвокаттық контораның адвокаттарының біріне контораның атынан сенім білдірушімен келісімге отыру құқығын беру қарастыру керек. Қорғаушының көмегіне сұраныс бүгінгі шынайы жағдайға байланысты және аталмыш қызмет түріне сұраныс күн санап артуда», - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, ведомство басшысы атап өткендей, жыл сайын қорғаушылардың құызметіне деген халықтың көңілінің толмауы да күн санап өршуде және көптеген шағымдар түсуде.
«Қорғаушының жұмысына деген көңіл толмаушылыққа байланысты тексерікті облыстық президиум коллегиясы жүргізуге құқылы. Тәртіптік жазаны да облыстық президиум коллегиясы тағайындайды. Осы ретте республикалық президиум аймақтық коллегиялардың жұмысын қадағылай алмайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай облыстық коллегия қорғаушыларға тәртіптік жаза тағайындай бермейді. Көптеген жағдайларда адвокаттар тәртіптік жазадан құтылып кетіп отырған», - деп толықтырды ол.
Қорғаушылардың жауапкершіліктен қашуын болдырмас үшін Әділет министрлігі республикалық коллегияның құзыретін арттыруды ұсынып отыр.
Айта кетерлік жайт, бүгінде елемізде 203 кеңес беру және 149 адвокаттық контора жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі жалғыз қорғаушы ретінде қызмет жасайды.
Естеріңізге сала кетейік, М. Бекетаев Үкімет отырысында «Е-нотариат» еліміздегі нотариаттық қызметтердің сапасын арттырғанын айтып берді.
Ақбота Күзекбай
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары