- Басты
- Жаңалықтар
- Университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту қажет – Н.Назарбаев
Университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту қажет – Н.Назарбаев
Жиында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, университетті және зияткерлік мектептерді дамыту перспективалары, оқу орындарына құжат тапсыратын талапкерлер санын көбейту, Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын жасақтау үшін іріктеу өткізу жайы, сондай-ақ ұйымдастыру аспектілері қаралды.
Қазақстан Президенті ғылыми-зерттеу үдерісін дамытып, университеттің халықаралық байланыстары аясын кеңейтудің маңыздылығына назар аударды, сондай-ақ бүкіл еліміздегі 20 зияткерлік мектептің тиімді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
« Зияткерлік мектептердің барлық түлектері еліміздегі және шет елдердегі жоғары оқу орындарына түсіп жатыр. Олардың 90 пайыздан астамы – мемлекеттік гранттар мен университеттердің білім беру гранттарының иегерлері. Білім беру мекемелеріне тың серпін беру үшін біз олардың одан әрі жұмыс жүргізу стратегияларын жандандыра түсуіміз қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы университет жеті жылдан бергі жұмыс барысында елеулі табыстарға жетіп, осы кезең ішінде мыңға жуық студентті түлеткенін атап өтті.
Сондай-ақ, жиында «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Ш.Катсу сөз сөйледі.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты