- Басты
- Жаңалықтар
- «Е-нотариат» еліміздегі нотариаттық қызметтердің сапасын арттырды
«Е-нотариат» еліміздегі нотариаттық қызметтердің сапасын арттырды
«Е-нотариат» электрондық жүйесі енгізілген сәттен бастап нотариустардың республикалық және аумақтық палаталармен және Әділет министрлігімен өзара іс-қимыл жасауы оңайлатылды.
«Е-нотариат» нотариустарға «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Заңды тұлғалар», «Жеке тұлғалар», «АХАЖ» РК мемлекеттік дерекқорларына қолжетімділік алуға мүмкіндік берді. Онлайн базаларға қолжетімділік нотариаттық қызметтердің сапасын арттырды. Әділет органдары «Е-нотариат» жүйесінің арқасында нотариустардың қызметін бақылау мен тексеруге уақыт пен ресурстарды аз жұмсайды. Есептілік қысқарды», - деп атап өтті ведомство басшысы.
«Е-Нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі (БНАЖ) 2011 жылы енгізілгенін айта кеткен жөн.
Сондай-ақ, министр еліміздегі нотариат саласындағы барлық оң өзгерістерге қарамастан, оны одан әрі жетілдіру керектігін айтты. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта нотариустарды оқыту мен біліктілігін арттыруда күрделі проблемалар орын алады.
«2015 жылдан бастап нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер санының қысқаруы байқалады. Бұл екі фактормен байланысты. Біріншісі – нотариаттық қызметтер нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тұрақтандыру. Нарықтық механизмдер халықты нотариаттық қызметтермен толық қамтуға мүмкіндік берді. Екіншісі – заңнама реформасы, рәсімдерді оңайлату және технологиялардың дамуы нотариаттық қызметтердің талап етілуін төмендетті», - деді министр.
Осы ретте, министр нотариустарды өздерінің біліктілігін тұрақты негізде арттыруға міндеттеу туралы ұсыныс жасады.
Еске сала кетейік, үкімет сағаты барысында Марат Бекетаев адвокат кәсібіне қолжетімділікті оңайлату қажеттігі туралы айтқан болатын. Бүгінде алғашқы жарнаны 100 АЕК-ке дейін азайту мәселесі пысықталуда.
Ақбота Күзекбай
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
2021 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі қалай өзгереді -
Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды форматқа ауыспақ -
Интернеттің сапасына бақылау күшейтілмек -
Еліміздегі спорт клубтарын мемлекет бюджетінен қаржыландыру қашан тоқтайды -
Еліміздегі медиацияның ахуалы қалай -
Үкімет еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қарады -
Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы автоматтандырылды - министр -
Еліміздегі егіс алқаптарының 25% "Астана-Нан" ЖШС дәрі-дәрмектерімен өңделеді -
Педагог: Мұғалiмнің бедeлі - білiм сапасының кeпілі -
Елордада жол сапасын тексеру жұмыстары күшейтілді