- Басты
- Жаңалықтар
- Әділет министрлігі қорғаушылар мамандығына қолжетімділіктің бастапқы жарнасын төмендетуді ұсынды
Әділет министрлігі қорғаушылар мамандығына қолжетімділіктің бастапқы жарнасын төмендетуді ұсынды
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін қорғаушылардың тапшылығы өзекті мәселе болып отыр. Әділет министрі Марат Бекетаев айтып өткендей, орташа есеппен Қазақстанда 1 қорғаушыға 3900 азамат келеді. Бұл көрсеткіш, мәселен Италияда 260 адам, Германия мен Англияда 500 және 900 азаматты құрап отыр.
«Қорғаушылардың жетіспеушілігін Жоғарғы сот та қозғап отыр. Бір судьяға 2 қорғаушыдан да келмейді. Еуропада бұл көрсеткіш орташа есеппен 3-5 аралығын құрап отыр. Қазақстанда қорғаушылар қызметі тапшылыққа ие болып отыр. Аталмыш қызметке мұқтаж адамдар қызметті қымбат бағаға сатып алады», - деді М. Бекетаев.
Ведомство басшысының айтуынша, 2013 жылдан 2016 жылға дейін қорғаушылар саны 300 адамға немесе 6,5 пайызға көбейді.
Министр, мамандыққа енудегі үрдістер туралы айтып өтті.
«Қорғаушы болып істеу үшін, алдымен жоғарғы заңдық білім мен қорғаушылар коллегиясында 6 айдан бір жылға дейінгі тағылымдамадан өту шарт. Сондай-ақ, аттестация тапсырып, қорғаушылар коллегиясына мүше болу керек. Тағылымдама ақылы, оның құны жылына 140-280 мың теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда коллегияға ену үшін бастапқы жарна 700-ден 800 мың теңгені құрап отыр», - деді министр.
Үміткер қорғаушы статусын алу үшін бірқатар үрдістерді өтіп, орташа есеппен 1 млн теңге төлеуі керек.
«Қорғаушылардың мамандыққа қолжетімділігін жеңілдету үшін Әділет министрлігі Республикалық коллегиямен бірлесіп бастапқы жарна құнын 100 АЕК-ге (226.900 теңге) дейін, тағылымдаманы 5 АЕК-ге (11345 теңге) төмендету мәселесін қарастыруда. Бұл шаралар қорғаушылардың өсуіне мүмкіндік береді, себебі төлем құны екі есеге қысқарып отыр. Бұл қорғаушылардың гонорар құнын да төмендетуге жол ашады. Бәсекелестік қорғаушылардың кәсіби деңгейін арттыруға сеп болады», - деді М.Бекетаев.
Бұл шаралар заң көмегінің сапасын арттырып, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Ақбота Кузекбай
-
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті