- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың интерактивті қолжетімділік картасына 420 нысан енгізіледі
Астананың интерактивті қолжетімділік картасына 420 нысан енгізіледі
Барлық мәліметтер интерактивті қолжетімділік картасына енгізіледі. Бүгінгі күні оған 420 нысан енгізілген.
Құжаттандыруға жататын елордадағы нысандардың жалпы саны – 1106.
Үстіміздегі жылы 705 нысанға төлқұжат беру, 809-ын бейімдеу қарастырылған.
Бүгінгі күні елордада мүмкіндігі шектеулі 20 945 адам тұрады. Соның ішінде 3857 адамның жас 18-ге толмаған.
«2017 жылдың басынан бері жергілікті және республикалық бюджет есебінен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 460 млн теңгенің әлеуметтік көмегімен қамтылды. Соның ішінде 3506 адам оңалту қызметтерімен қамтылды», - делінген хабарламада.
Қаланың көше-жол желісін бейімдеу шеңберінде 135 бағдаршамда 1061 табло жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеке көліктері үшін 36 орын жабдықталған.
1025 қалалық автобустың 609-ы арнайы қайырмалы траптармен жарақталған. Арбамен жүретін мүгедектенрге ыңғайлы болуы үшін тағы 380 автобус сатып алынады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар -
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі -
Елордада санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынды -
"Әліппе" оқу бағдарламасына қашан енгізіледі