Маңғыстаулық жер қойнауын пайдаланушылар екі тұщыту зауытын салады

29 Мамыр, 2017 09:59
Маңғыстаулық жер қойнауын пайдаланушылар екі тұщыту зауытын салады. Бұл туралы аймақтың мұнай-газ өндіру саласы мәселелері бойынша өткен жиналыс барысында мәлім болды.

Кездесу барысында «Қазмұнайгаз ҰК»АҚ еншілес және тәуелді мекемелеріндегі ағымдағы жағдай, еңбек нарығын тарнсформациялау, еңбекақы индекстеу, кейбір мұнай сервистік компанияларды жұмыс көлемімен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Тағы бір маңызды жұмыс бағыты болып Қаражанбас кенорнын ауыз сумен қамтамасыз ететін тұщыту зауытының құрылысы болып табылады.

«Мұнай компаниялары Кендірлі демалыс аймағындағы магистральды құбыр желісімен теңіз суын тұщыту және Қаражанбас кенорнындағы қабаттағы суды тұщыту зауытттарының құрылыстарында маңызды рөл атқарады. Аталған жобалар Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 3-4 сәуіріндегі Маңғыстау облысына іс-сапары барысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Жол картасына енгізілді. Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыстағы кәсіпорындардың және біздің азаматтарымыздың тіршілік әрекетінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде барынша өзекті болып табылады», - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Барлық жаңалықтар