- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Эстония тұрақты саяси диалогты іске асыруда
Қазақстан мен Эстония тұрақты саяси диалогты іске асыруда
«Өткен ширек ғасыр ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан қарым-қатынас серпіні тараптардың өзара мүдделерін ескере отырып, Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын дәйекті түрде дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Екі ел арасында барлық деңгейде, сондай-ақ халықаралық аренада тұрақты саяси диалог іске асуда. Парламентаралық байланыстар нығаюда, шарттық-құқықтық және институционалдық база қалыптасқан», - делінген хабарламада.
Жан-жақты диалогты кеңейтуге Президент Н.Назарбаевтың (1994 және 2011 жж.) Эстонияға, Президенттер А.Мэри (1994 ж.) және А.Рюйтелдің (2004 ж.), сондай-ақ Премьер-министр А.Ансиптің (2009 және 2012 жж.) Қазақстанға сапарлары маңызды серпін берді.
Қазақстан мен Эстония арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін жеткілікті қорлар бар. Кезекті отырысы 2016 жылғы 24 қазанда Таллиннде өткен Экономика, ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның экономикалық байланыстарды барынша кеңейтуге ықпал етуде.
Білім саласы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының бірі болып табылады. 2009 жылғы екі елдің білім министрліктері арасындағы келісім жоғары оқу орындары арасындағы табысты ынтымақтастықтың алғышарты болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның жеке жоғары оқу орындарымен Эстония жоғары оқу орындары арасында келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.
Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері 25 жыл ішінде елдеріміз ынтымақтастықтың барлық бағыттарында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді және оны бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық мүддесінде екі ел халқының игілігі жолында одан әрі нығайту көзделеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды