- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандылық аграршылар автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізіп жатыр
Қарағандылық аграршылар автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізіп жатыр
Қарағанды облысында биылғы жылы жазғы егіс 823 мың га аумаққа салынады деп жоспарлануда. Оның ішінде дәнді-дақылдары және бұршақ дақылдылары – 748 мың га, майлы дақылдар – 14 мың га, жемдік – 43 мың га жерге егіледі.
Ерлан Қошанов картоп егушілерге неліктен маусым аралығында олардың өнімдерінің бағасы шарықтап кететіні туралы сұрады.
«Бірінші кезекте, облыс қажеттіліктерін өтеу керек, содан кейін ғана өнімді сыртқа шығару керек», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, институт құс өсірумен айналысуды жоспарлап отыр. Қаздар мен үйректерді өсіру жобасын құрған.
«Өсімдік өсіруге келер болсақ, біз барлығын автоматтандырмақпыз. Биылғы жылы 1С-Агро жүйесін пилоттық режимде іске қосамыз. Бұл жүйе барлық өндіріс учаскілерін басқару орталығына шоғырландырады. Біз егісті, дән қоймаларын, ЖЖМ көлемін қадағалап отырамыз. Осы жылы алқаптарды серіктік жүйемен бақылауға келесімшарт жасадық», - дейді Дамир Қалдыбаев.
Осакаровка ауданына облысымыздың барлық егіс алқаптарының үштен бір бөлігі тиесілі.
«Осы жылы дәнді-дақылдар 291 мың га жерге егіледі. Ол 2016 жылмен салыстырғанда12 800 гектарға көбірек. Ал өткен жылы біз егісті 36 мың гектарға ұлғайтқан болатынбыз. Жазғы егіс те ұлғайды, ал кортоп егу төмендеп кетті. Себебі суару құрылғыларын әзірлеп үлгермедік. Егіс жұмыстарын 1 маусымға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 60% орындалды» , - деп есеп берді облыс әкімі алдында аудан басшысы Қайрат Шайжанов.
Аудан әкімінің айтуынша облыстық билік өкілдерінің көмегімен ЖЖМ-ды жеңілдетілген бағамен жеткізу мүмкіндігі туған.
«Біздің ауданымызға 5700 тонна арзандатылған дизель отыны қарастырылған. Қазріг таңда құны 123 теңгеге түсетін 4300 тонна отынға келесімшарт жасалды. 2700 тонна таңдалды, 1 маусымға дейін оның барлығын алып кетуімізге болады», - деп хабарлады Қайрат Шайжанов.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр