- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті: Назарбаев Университетінің түлектері – болашақтың алтын қоры (ФОТО)
ҚР Президенті: Назарбаев Университетінің түлектері – болашақтың алтын қоры (ФОТО)
«Университет – елдің активі. Түлектер – болашақтың алтын қоры. Сондықтан да, бұл оқу орнына өтінішті 10 мың абитуриент тапсырады, ал оқуға тек 400-500 адам түседі. Бәсекелестікке кім шыдамды, сол әрі қарай жылжиды. Егер студенттердің географиясын қарайтын болсақ, олар барлық Қазақстаннан жиналған талантты балалар. Баршаңызға жақсылық тілеймін», - деді Елбасы.
Н.Назарбаев айтып өткендей, университет есігі барлығына ашық әрі қолжетімді.
«Университет пен зияткерлік мектептің есіктері баршаға ашық. Тек білімді, еңбекқор, талантты, білімге құштар жастар ғана түседі. Оқуға түсу обьективті екенін барлығыңыз білесіздер. Өзге субьективті факторларға қатысы жоқ», - деді Елбасы.
Айта кетерлігі, бакалавр мен магистранттармен қатар, алғаш рет докторанттар түлеп ұшты.
«Биыл оқу бітірген студенттер саны 737 адам,оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 499 түлек, магистратура бағдарламасы бойынша 229 студент және PhD дәрежесіне ие болған докторантура бағдарламасының ең алғашқы 9 түлегі бар. Ерекше үлгідегі дипломға 75 түлек ие болды. Олардың тең бөлігі Стэнфорд, Массачусет технология институты, Колумбия, Лондон экономика және саяси ғылымдары мектептерінде білімдерін жалғастыруда. Білімдерін толықтырып, елге еңбек етуге келеді деген үміттемін. Олар елдің ірі ғылым, медицина, мемлекеттік қызметкерлерінде еңбек етіп жүр. Бұл тиімді білім беру бағдарламасының нәижесінде жүзеге асып отыр», - деді Н.Назарбаев.
Осы орайда Президент Назарбаев Университетінің жетістікке жетуі студенттердің ынтасы мен ұстаздардың, аталмыш оқу орнының барлық қызметкерлерінің жемісі екенін айтып өтті.
Ақбота Күзекбай
Сурет: Бауыржан Жуасбаев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады