Астана – Варшава жаңа әуе рейсі ашылады

27 Мамыр, 2017 12:03
EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстан астанасынан жоспарланған халықаралық рейстер ашыла бастайды.

«2017 жылдың 30 мамыры күні Астана қаласынан Варшава (Польша) қаласына польшалық «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы жүзеге асыратын жаңа халықаралық рейстің салтанатты ашылуы болады», - деп хабарлады ИДМ.

Рейс Боинг 737 әуе кемесімен сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері, аптасына 4 рет орындалады.

Аталмыш рейсті ашу жұмыстарын ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен шет мемлекеттердің авиация билігі бірлесіп атқарды.

 

Барлық жаңалықтар