- Басты
- Жаңалықтар
- Назарбаев Университетінің түлектері олардың құрметтеріне Саябақ ашылды (ФОТО)
Назарбаев Университетінің түлектері олардың құрметтеріне Саябақ ашылды (ФОТО)
Шигео Катсу саябақтың ашылу салтанатында барлық түлектерді құттықтап, бұл оқиға Назарбаев Университетінің атрихында ойып тұрып орын алатынын атап өтті.
«Бірінші кезекте сіздерді аталмыш саябақтың ашылуымен құттықтаймын. Бұл біздің университетіміздің нышанына айналады деген үміттемін. Ертең біз түлектердің үшінші легін ұшырамыз және біз оларды мақтан тұтамыз. Талдарды отырғызу біздің жыл сайынғы дәстүріміз болсын», - деп ағынан жарылды Ш. Катсу.
Сонымен қатар, білім ошағының басшысы бұл олардың жолын жалғастыратын өскелең ұрпақ үшін жақсы сыйлық екенін атап өтті.
2015, 2016 және 2017 жылдардың түлектері кезек-кезек әзірге кішкентай алайда олар үшін аса маңызды талдарды егуге атсалысты.
Өз кезегінде, PhD алғашқы түлектері өздерінің орнын басушыларға Назарбаев Университетінің логотипі бар сәкі сыйлыққа тартты.
Мадина Тыныбаева – докторантураның алғашқы түлектерінің бірі, бүгінде Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогикалық шеберлік орталығында жұмыс істейді. Назарбаев Университетінің PhD-на 2013 жылы түсті.
«Біз Жоғарғы білім беру мектебі докторлық бағдарламасының алғашқы түлектеріміз. Біз үш жыл бойы білім алып, зерттеу жүргіздік және халықаралық деңгейде докторлық дисертация қорғадық. Назарбаев Университетіне біздің ғылыми жобаларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін алғысымыз зор. Осы ретте, біз алғысымыздың белгісі ретінде сәкі сыйлағанды жөн көрдік», - деп ағынан жарылды ол.
Мадина Тыныбаева атап өткендей, сәкі бакалавр мен магистатура түлектері отырғызған талдар арасында өзіне лайықты орын табатын болады. Жалпы мұндай дәстүр шетелдік оқу орындарында да бар.
Докторанттар сәкі сыйлау дәстүрге айналып, саябақ демалушылар үшін ыңғайлы орынға айналады деген сенімде.
Осы жылы бакалавриатты тәмәмдап жатқан Марат Тұрсынбекте бұл дәстүрге айналып, жыл сайын қайталанады деген үмітте.
«Мен электринженер мамандығы бойынша аяқтап жатырмын. Оқы орнына осыдан бес жыл бұрын түстім. 2012 жылдан бастап жаңа тапсырмалармен, мәселелермен бетпе-бет келіп, оларды шешуд3 үйрендік. Осылайша кәсіби тұрғыда өстік. Түлектер ретінде біз оқу орнының бергені көп екенін түсініп, кішкене болса да оған жасаған жақсылығын қайтарсақ дедік. Сондықтанда осында талдар отырғыздық», - деп бөлісті болашақ маман.
Марат өзінің мамандығы бойынша алған білімін тәжірибе жүзінде пайдаланып, ел игілігі үшін жұмыс істеуге мүдделі.
Тал отырғызу идеясын осы жылы оқу орнын тәмәмдап отырған студенттер ұсынды. Олардың ұсыныстарын барша түлектер қолдады.
Назарбаев Университеті студенттерді қабылдауды 2010 жылдың қыркүйек айынан бастады. Айта кетерлік жайт, оқу орнында ағымдағы жылы 528 адам бакалавриатты, 247 адам магистратураны, тағы 9 адам доктарантураны аяқтайды.
Толықтырып кететін болсақ, 27 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен III бітіруші стеденттердің салтанаты рәсімі өтеді.
Ақбота Күзекбай
Фото: автор
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды