- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 213 талапкер «Алтын белгі» үміткері
Астанада 213 талапкер «Алтын белгі» үміткері
Білім беру басқармасының мәліметі бойынша биыл 25 оқушы шетелдік жоғары оқу орындарына түсу мақсатында қорытынды аттестацияны уақытынан бұрын тапсырды. Қазіргі күні ҰБТ қатысуға 4526 оқушы өтінім білдірді, оның 213-і «Алтын белгіге» үміткер.
Ведомства мамандарының айтуынша ұлттық бірыңғай тестілеуден: халықаралық олимпиадалар мен 2014, 2015, 2016 жылдардағы жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба байқауларының (ғылыми жарыстар) 49 жеңімпазы босатылды.
«Астана дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мамандары 2016-2017 оқу жылында барлық деңгейдегі олимпиадаларға, оның ішінде аудандық, қалалық және республикалық кезеңдерге Астанадан 29090 оқушы қатысқанын мәлімдеді. Жалпы республикалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша елордалық оқушылар жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Нақтырақ айтсақ, І орын – 16, ІІ орын – 20, ІІІ орын – 22 және 9 мақтау қағазы.
ҰБТ қатысатындардың мәліметтер базасы құрылды және идентификациялық кодтар берілді, барлық мектептерде техникалық хатшылар бекітіліп, ҰБТ кезінде оқушыларға жауаптылар жайында бұйрық шығарылды.
Бұдан басқа маусымның 20,22,24 күндері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті базаларында ҰБТ өтеді. Сондай-ақ, 21, 23, 25 маусым күндері тестілеу қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде өтеді. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минут. Орташа өту ұпайы өзгеріссіз – 50 балл. Жоғары балл көрсеткіші – 140.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді -
ҰБТ – 2019: Талапкерлерге көмек болатын бес жеңілдік -
Индустрияландыру күні: «Алтын сапа», «Ұлы дала елі», «Іскер» жеңімпаздары анықталды -
Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген сессиясы өтті -
Алматы декларациясының 40 жылдығы Астанада аталып өтеді -
Астанада Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары талқыланды -
Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» ашылды -
Астанада Пабло Пикассо көрмесі ашылды -
Астанадағы ерекше балалар жазғы демалысын қалай өткізуде -
Астанада 2020 жылы ДДҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы жазда өтеді