• Басты
  • Тарихшылар рухани жаңғыру мәселесін талқылады
26 Мамыр, 2017 19:24

Тарихшылар рухани жаңғыру мәселесін талқылады

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Рухани жаңғыру және тарих ғылымының жаңа міндеттері» тақырыбына Тарихшылардың IV ұлттық конгресі өтті.
Тарихшылар рухани жаңғыру мәселесін талқылады | Strategy2050.kz

Іс-шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатын іске асырудың негізгі қадамдарын анықтау мақсатында еліміздің 500-ден астам белгілі тарихшысы қатысты.

Конгресс жұмысының мекенжайына ҚР Президенті аппаратының Басшысы, ҚР Президенті жанындағы Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия Төрағасы Әділбек Жақсыбековтың атынан құттықтау хат оқылды. Ел тарихшылары ғылыми форумының ерекше рөлі атап өтілді.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов сөз сөйлеу кезінде жаңа ғылыми зерттеулерді қолдап қана қоймай, сонымен қатар, тарихи материалдардың қолжетімділігіне жәрдемдесу керектігін айтып өтті.

«Әрбір ғалым, әрбір тарихшы Қазақстан тарихына өз үлесін қосуы тиіс. Осы мақсаттарда министрлік тарих пәндері кафедраларын нығайтуды, магистратура мен докторантураға түсу қағидаларын қайта қарауды жоспарлап отыр. Тарих ғылымдары мен археология бойынша кешенді бағдарлама әзірлеу жөнінде ұсыныстар қабылдаймыз», - деп түйіндеді Б. Әбдірәсілов.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, Тарихшылардың ұлттық конгресінің төрағасы Ерлан Сыдықов  «Рухани жаңғыру түпмәтінінде тарих ғылымының рөлі» тақырыбына арналған өз баяндамасында Елбасының мақаласында айтылған негізгі бағыттарға тікелей қатысы бар бірқатар ұсыныстарды айтып өтті.

«Біз өңірлік жоо-лар мен колледждерге гуманитарлық мамандық студенттері жазғы уақытта фольклорлық, тарихи-этнографиялық және археологиялық экспедициялардың жұмысына белсенді қатысуын ұсынғалы отырмыз. Осы Конгресте біз «Туған жер тарихы» ақпараттық-танымдық экспедициясы» бірлескен жобасымен таныстырмақпыз», - деп хабарлады Е. Сыдықов.

Конгреске қатысушылар рухани жаңғыру, ұлттың жандануы, өлкетану жұмыстарын күшейту, отандық тарих ғылымы мен білімін дамытып, жетілдіру міндеттерін практикалық іске асырудың негізгі бағыттарын түсінудегі жалпы ғылыми және практикалық бағдарланған ұстанымды келісті, оларды одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірледі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды