- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтады
Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтады

Жаңа мәртебеге ие болуға байланысты өндірістің ұлғайтылуы туралы Жамбыл облысының «Мерке ет» ЖШС вице-президенті Бексұлтан Елубаев айтып өтті. Оның айтуынша, комбинат күн сайын 10 мың құтыға жуық консервіленген ет өнімдері мен 300-400 кг-ға дейін «Халал» маркасы бар шұжық өнімдерін шығаруға әзір. Қосымша 70-тен астам жұмыс орны ашылатын болады.
Комбинат аусылдан таза аймақ мәртебесінің арқасында мал бордақылау алаңындағы ірі қара мал басын 3 мың басқа дейін ұйғайта алады.
«Бізге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болу мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңінен пайдалануға мүміндік береді», - деп есептейді Б. Елубаев.
Өз кезегінде, ҚР АШМ «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының» бас ғылыми қызметкері Әнуарбек Сейітмұратов қабылданып жатқан АӨК мемлекеттік қолдау шараларының арқасында соңғы 5 жылда қазақтың ақбас тұқымы 230 мың мал басына дейін артқанын хабарлады.
«Қазақстанда өсірілетін 10 етті тұқымының ішінде қазақтың ақбас тұқымы ең ірі болып табылады. Ендігі, аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болғаннан кейін мал өсірушілер үшін еттің экспорттық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосуға және өздерінің қажырлы еңбектерінің жемісін көруге мүмкіндік пайда болады», - деген сенімде Ә. Сейітмұратов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді

