- Басты
- Жаңалықтар
- ТДҰА бетон өнімдерін жаңа технология бойынша шығару жобасын қолдады
ТДҰА бетон өнімдерін жаңа технология бойынша шығару жобасын қолдады
GASPARRO s.r.l. компаниясының осы технологиясын алуға 2015 жылы 59,2 млн. теңге көлемінде инновациялық грант бөлінген, осымен бірге грант алушы өз қаражатынан жобаны іске асыруға 74 млн. теңге жұмсаған.
Жобаның жетекшісі – «Единство» компаниясының инновациялық технологиялар бойынша директорының орынбасары Зульфия Халитованың айтуынша бұл технология арнайы қалыптарда немесе айналмалы үстелдерді қолдана отырып өндірудің классикалық әдісімен салыстырғанда анағұрлым жетілдірілген болып саналады.
«Технология бетон панелдерін түрлі көлемде және әртүрлі сипатта бір уақытта шығаруға мүмкіндік береді, оларды ғимараттардың іші мен сыртында бірдей қолдануға болады. Нәтижесінде біз беті тегіс панелдерге қол жеткіземіз және одан әрі қалыптардың бетін түзеумен байланысты қосымша жұмыстар жаүргізудің қажеті жоқ» – деп атап өтті ол.
Жаңа технология компанияға панелдік үйлерді салу бойынша кәсіпорынның қуаттылығын жылына 40 мың шаршы метр дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Кәсіпорынның бетон шығару бойынша өндіріс қуаты жылына 250 мың текше метр құрап отыр.
Компания сондай-ақ бетон қадаларын, фундаменттік блоктар, баспалдақтар, құдық сақиналарын және өзге де өнімдер шығарады.
Жақын арада компания ірі панель элементтерін қолдана отырып 7 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.
Жоба сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына енген.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді